ОБЛЫСТА БІР МЫҢҒА ЖУЫҚ УЧАСКЕДЕ ХАЛЫҚ ДАУЫС БЕРУДЕ

0
78

Бүгінгі Жалпыұлттық референдумда Түркістан облысынының дауыс беру құқығы бар тұрғындары Қазақстанда АтомЭлектрСтанциясын салуға қатысты референдумда белсенділік танытып жатыр. Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Және де елдегі саяси өзгерістерге тікелей қатысы жоқ алғашқы референдум. Жалпы оңтүстік өңірде 1 млн 180 мың азамат дауыс беру құқығына ие. Қазақстан Республикалық Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен. Аймақтағы 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр.

Бүгін жалпыұлттық референдум өткізілуіне байланысты дауыс берушілерге ыңғайлылыұ жасалынып, облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.

Түркістан облысында таңғы 07:00-ден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Дауыс беруге алғашқы келгендерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Жалпыхалықтық референдумға орай Түркістан қаласында қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. 194 автобус 22 бағытта таңғы сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін тегін қызмет көрсетпек.

Шаһарда жалпы 62 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден бастап жұмысын бастады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы референдумға қатысып, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да ұйымдастырылған №133 референдум учаскесінде дауыс берді.

Қазiргi таңда Түркістан қаласында 125 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге құқылы азаматтар түрлі құралдар арқылы референдумға шақырылған. Ал, өздігінен келуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға жылжымалы жәшіктер мен мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдайтын инватаксилер қарастырылған.