КЕНТАУДА ДА ТҰРҒЫНДАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

0
112

Бүгін халық «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап береді. «Иә» немесе «жоқ» деген екі жауап қарастырылған.

Жалпыұлттық референдум – еліміз үшін өтек маңызды.Өйткені,ел азаматтары ел тағдырын шешуде маңызды АЭС салуға қатысты дауыс беріп өз таңдауларын жасады.

Жалпы қала бойынша 35 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Барлық учаскелік референдум комиссиялары интернет, байланыс телефоны, бақылау камералармен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтарымен жабдықталған.

Мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін арнайы кабиналармен, тактилдік көрсеткіштермен, арнайы бұрыштармен, қажетті құралдар және пандустармен толық жабдықталған.

Таңнан бастау алған референдумға кентаулықтар белсенділікпен атсалысуда. Мемлекетіміз үшін маңызды сәтте өз таңдауларын жасауда.

Кентау қаласы Байылдыр ауылында ақжаулықты бір топ әжелер референдум учаскесіне кимешекпен келді. Ұлттық киімде өз таңдауларын жасаған олар, ән салып көпшілікке көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. Салт- дәстүрімізге сай шашу шашып, бауырсақтан дәм татқызды.

«Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Кентау қаласының тұрғындары тәңсәріден өз таңдауларын жасауға белсенді қатысып жатқанына куә болып отырмыз. Бізде №48 сайлау учаскесінде дауыс бердік. Себебі, елдің болашағына әрбіріміз жауаптымыз. Сондықтанда көпшілікті өз таңдауын жасауға белсенді қатысуға шақырамыз» – дейді ақжаулықты аналар.

Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 сайлау учаскелері 56 405 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Референдум учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға сыйлықтар үйлестірілсе, тұрғындарға көтерңкі көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда.

Кентау қаласында шаңырақ көтергендеріне бір күн болған Нұрдаулет пен Нұрсәуле елімізде өтіп жатқан науқанға бейжай қарамай, әр азаматтың таңдауы маңызды екенін көрсетті.

Өздері белгіленген 48 ші референдум учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады. Бұл олардың мемлекетімізде өтіп жатқан саяси науқанға алғаш қатысулары.

«Біз жас отбасы болып күні кеше шаңырақ көтердік. Қазақстанның азаматы болғандықтан, өзіміздің конституциялық құқығымызды пайдаланып, елдің жарқын келешегіне сеніммен қарап өз таңдауымызды жасадық», дейді жас отбасы.

Кентау қаласының көкпаршылары бір кісідей келіп, өздері белгіленген референдум учаскесінде өз таңдауларын жасады.

Ұлттық спортты серік етіп жүрген жігіттер елімізде өтіп жатқан саяси науқанға бір кісідей қатысып қайтпақ ниетте атқа қонған. Саптама етік киіп, тобылғы қамшы ұстаған олар өз таңдауларын жасады.

«Бүгінгі күн біз үшін жауапты күн болды. Сондықтан көкпаршылар жиналып, бірге барып дауыс беруді жөн көрдік. Жалпы бүгінгі науқанға әркім жауапкершілікпен қарап, ел ертеңі үшін дауыс берсе екен», – дейді көкпаршы белсенділер.

Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 сайлау учаскелері 56 405 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Референдум учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға сыйлықтар үйлестірілсе, тұрғындарға көтерңкі көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда.

Кентау қаласы Хантағы ауылындағы №60 референдум учаскесінде Отан алдындағы борышын өтеп келген, көпбалалы отбасыдан шыққан кенже ұл Кенжебек Байтуған өз таңдауын жасады.

Ол Алматы 61993 әскери бөлімі десанттық шабуылдау әскерінде өз борышын өтеп, елдің болашағына бей-жай қарамайтын азамат, саясаи науқанда өз таңдауының да ел үшін маңыздылығын көрсетті.

Сарбаз көтеріңкі көңіл күймен келді. Ол өзінің болашағы үшін дауыс бергенін жақсы түсінеді және осы референдумнан оң нәтижелер болатынына сенім білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сай, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде референдум өтіп жатыр. Бұл референдум мемлекеттік маңызы бар мәселе, «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа әрбір қазақстандықтың беретін жауабын айқындайды.