ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Төлеби ауданы әкімінің кезекті кездесуі Қоғалы ауылдық округінде өтті. Кездесуде аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев ауданнның әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштері мен Қоғалы ауыл округі бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстардың бағыттары мен жүзеге асатын жобаларды таныстырды.
Бүгінгі күннің басты міндеті – жаңа кәсіпорындарды ашып, жаңа жұмыс орындарын құру, ауданға инвестициялар тарту. Бұл бағытта Ленгір қаласында «KAZPLAST» компаниясы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын жаңа тігін цехының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жылдың соңына дейін кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Жоба қуаттылығы — жылына 90 мың қысқы арнайы жұмыс киімдерін тігу. Нәтижесінде 150 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Аудан таулы аймақ болғандықтан туризм саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыруымыз қажет. Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 186 нысанға жетіп отыр. 2024 жылдың 8 айында 17499 демалушыларға 779 млн теңгеге қызмет көрсетілді.
Ауданда туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан құны 1,2 млрд теңгеге 4 туристік нысандар ашылды. Атап айтсақ: Қасқасу ауыл округінде «Көктөбе» демалыс аймағы, Біркөлік шатқалында Р.Сахибаеваның демалыс аймағы, Киелітас ауылдық округінде КШ.Абдиевтың демалыс орны, Біркөлік шатқалында жеке кәсіпкер Ж.Шалқарбаев демалыс аймағы іске қосылды.
Аталған салаға көптеп инвестиция тарту үшін және дамыту мақсатында Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елді мекендеріндегі туристік рекреациялық аймақтардың бас жоспарына егжей-тегжей жоспары әзірленуде.
Диханкөл, Алшалы, Ұзынарық елді мекендерінда ауыз құбыры құрылысын толық жаңартылуда. Қоғалы каналының 2,95 шақырым және Ұзын каналының 10 шақырымы механикалық тазалаудан өтті. Ауылдық округ табиғи газбен толық қамтылған.
Кездесу барысында округ халқы ауыз су құрылысына қатысты туындаған сұрақтарын қойып, электр жарығы, ағын су, Алшалы елді мекеніне Мәдениет үйінің құрылысын жүргізу, жер телімдерін бөлуге қатысты сұрақтарын қойды. Тиісті жауаптар берілді.
Одан кейін Сержан Дүйсебаев жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, тиісті жұмыс жүреді.
Төлеби ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаевтың тұрғындарымен кезекті кездесу бекітілген кестеде көрсетілгендей, Қасқасу ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесуде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен бірге ауданның дамуы, ауылдық округ бойынша 2024 жылы атқарылатын жұмыстардың бағыттарымен таныстырды.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы Төлеби ауданы бойынша 5 медициналық нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Диханкөл, Кеңесарық, Жаңажол, Зертас, Аққұм) Нысандарды жыл аяғына тапсыру жоспарлануда. Бірде-бір мәдениет нысандары жоқ Аққұм ауылдық округінен мәдениет үйі салынып пайдалануға берілсе, Киелітас ауылдық округтеріндегі мәдениет үйін 2025 жылға аяқтап тапсыру жоспарлануда. Одан өзге Ленгір қаласы Ә.Бектайұлы көшесіндегі «Төле би баба» мұражайының құрылысын жүргізу үшін жоба сметалық құжаттаманың оң қорытындысын алып қаржыландыруға ұсынылды.
Қасқасу елді мекенінде орналасқан туристік рекреациялық аймақ үшін топотүсірілім әзірлеуге қаржы қарастырылып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Керегетас елді мекенінің ұзындығы 2,300 шақырымды құрайтын Майда тал көшесін орта жөндеуден өтуде, Жоғарғы Қасқасу елді мекені Сарыбұлақ көшесіне электр желісін жүргізу және трансформатор орнатылуда. Керегетас елді мекені Майдатал көшесіне электр желісін жүргізу және трансформатор орнату құрылысы аяқталды. Кеңесарық елді мекені Қ.Өмірзақұлы көшесіне электр желісін жүргізу және трансформатор орнату жұмыстары аяқталды. Кеңесарық елді мекенінің ауыз жүйесін қайта құру үшін жоба-сметалық құжаттамаларына қаржы қарастырылып жоба әзірленуде. Жыл аяғына сараптамадан алу жоспарлануда. Кеңесарық елді мекенінің Үштұмсық және Кеңсай көшелерінің 2,8 шақырымын жарықтандыруға қаржы қарастырылып жұмыстар жүргізілуде.
Жиында әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев сала басшыларына бірқатар міндет жүктеп, ауданды дамыту жұмысын ширата түсуді тапсырды. Ал тұрғындар Сержан Дауылбайұлына өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді қозғады. Одан кейін Сержан Дүйсебаев тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Кездесу мен жеке қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыс жүргізіледі.