А.ҚАЛЫБЕКОВ, МАҚТААРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Елімізде жаңа Қазақстан құру мақсатында көптеген өзгерістер жасау қолға алынуда. Солардың бірі халық пен биліктің арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, байланысты, өзара байланыс пен сенімді арттыра түсу үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс жасау мідеттелген. Оған қоса жергілікті әкімдердің өз аумағындағы тұрғындар алдында атқарылған және болашақта атқаратын жұмыстары жайында есеп беріп, жеке кездесулерде азаматтарды қабылдап, олардың мәселелерін тыңдап, әрі орындауды іске асыру да тапсырылған. Соған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.
Жиын барысында Бақыт Насырханұлы 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, іске асырылып жақан жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.
Аудан әкімі мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді.
Сол сияқты ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов А.Қалыбеков ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.
Жиын барысында Бақыт Насырханұлы 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, іске асырылып жақан жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.
Аудан әкімі бұл кездесуде де ұсыныс пікірлерін айтып, түрлі мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізіп, олардың да өтініш-талаптарын тыңдады. Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің де сараланып, заң аясында жауап берілетінін, мүмкіндігіне қарай орындалатынын айтты.