ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР — РУХАНИ-МӘДЕНИ ҚУАТЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗІ

0
49

Қай бір халықтың болсын болашағы ұлттық ерекшелігі мен ұлттық құндылықтарын сақтап, салт-дәстүрі арқылы жаңғыртып отырып, заман көшінен қалмауына байланысты. Қазақстанда да мемлекеттің негізін қалаушы қазақ халқының ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды сақтап, дамыту бойынша саясат ұстануы сондықтан. Республиканы мекендеген жүзден астам этностардың өкілдері қазақ халқының айналасына топтасып, мемлекеттің болашағын жарқын ету жолында еңбек етуі үшін қазақстандықтарды біріктіретін күш керек. Ол барлық этностардың еркін дами отырып қазақ халқының айналасына топтасуы, бірлігі мен ынтымағы. Ал, мемлекеттің жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарға негізделген рухани байлық егілуі қажет.
Созақ ауданы әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залында «Ұлттық құндылықтар-рухани байлығымыз» тақырыбында семинар өтті. 18 қазан — Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған шараны аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды ашып, жүргізді.
Ауданға арнайы келген Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, аудармашы, педагог Абай Батырұлы және Қызылорда облысы дін істері басқармасынің «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»КММ-ның маманы «Сыр дидары» газетінің редакторы, салт-дәстүр танушы Сәкен Алдашбаев баяндамалар жасады. Қазақтан шыққан ұлы ғұламалардың өмірінен орын алған оқиғалар мен еңбектерін қамтып өтті. Сондай-ақ қалыптасқан салт-дәстүрлердің мән-мағынасына кеңінен талқыланды. Тағылымды шара еркін форматтағы әңгіме-сұқбат түрінде өрбіп, жиынға қатысушы тұрғындар өз ойларын ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Болатұлы елді ізгі мақсатқа жұмылдырып, ауданымыздың рухани дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, құрмет көрсетті.
Сол сияқты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу ұсынылған болатын.
Осыған орай, ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында, «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы-жер учаскесін беру рәсімдеуге, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және салуға» және т. б. мемлекеттік қолдау тақырыптарына арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында қызмет алушыларға мемлекеттік қолдау беру мәселері бойынша шаралары түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша консультациялық кеңестер берілді.
Адамның рухани-мәдени құндылықтарды алатын орнының бірі мәдениет үйі мен кітапхана. Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылында күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Конкурстық құны 307 миллион теңге болатын «Алғабас» мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталды. «КазЖоба Консалтинг» ЖШС-і нысанды жобаласа, Мердігер «Allians & Arena» ЖШС-і нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған жаңа ғимарат екі қабаттан тұрады. 250 орындық концерт залы және үйірмелерге арналған бірнеше шағын залдар бар. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, ғимаратта ауыл кітапханасы да орналасқан. Кітапқұмар балалар бос уақытын осында өткізеді.
Айта кетейік, ауданда 9 мәдениет үйі бар. Қазіргі таңда Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елді мекенінде және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы елді мекенінде мәдениет үйін салу жоспарланып отыр.