БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ ЖӘНЕ МӘМС МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

0
45

Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық сақтау саласы мен медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесіне көңіл бөлуді тапсырды. Сол сияқты Президенттің тапсырмасына сәйкес барлық деңгейдегі басшылар жергілікті тұрғындарды өз салаларына қатысты мәселелер бойынша қабылдап, заң аясында оларға мәселесін шешуге көмектесу, түсіндіру де қажет.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы жеке қабылдау өткізді. Асхан Мархабайұлы алдымен Ахмет Яссауи клиникасына қатысты мәселесін айтып келген қала тұрғынының өтінішін тыңдады. Тұрғын арызын тындаған басқарма басшысы, тиісті мамандарға мәселенің шешу жолдарын тапсырды.
Кезек тәртібімен жазылған Сарыағаш ауданынан келген тұрғын болды. Арызданушы қызының денсаулығына қатысты өтінішімен келген. Денсаулық сақтау басшысы аталған мәселені жан-жақты қарап, назарға алатынын жеткізді.
Қабылдауға келген келесі тұрғын Арыс қаласынан болды. Ол мүгедектік топ бойынша сұрағымен келген. Басқарма басшысы бұл сұрақты тиісті мамандарға жолдап, көмек көрсетілетінін айтты.
Айта кетейік, Асхан Мархабайұлы келушілердің жеке мәселелерін өз тарапынан қатаң бақылауға алатынын және орындалуын қадағалайтынын жеткізді.
Ал Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен бүгінгі таңға дейін аудан әкімінің апталық мәжілістерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша жиналыс болып өтті. Жиынға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек, білім, денсаулық салалары және жұмысшы топ мүшелері, ауылдық округтерінің жауапты мамандары қатысты. Жиналыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, отбасының цифрлық картасы бойынша тапсырмалардың орындалуы сұралды.
Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек және аудандық емхананың жауапты жауапты маманы Динара Бақытқызы баяндама жасады. Баяндамашылардың мәлімдеуінше аудан әкімінің өкімімен медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, өз деңгейінде жұмыс жасамай жатқан ауылдық округтерін атап өтті.
Отбасының цифрлық картасы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Қахраман Мирзараймов хабарлап өтті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, отбасының цифрлық картасы деректерін, өзектендіру мақсатында мүдделі органдардың өкілдерінен аудандық және ауылдық деңгейлерде жұмысшы топтың атқарылып жатқан жұмыстарын жеткізді.
Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша әр ауылдық окуругтерден жеке-жеке сұрап, өз деңгейінде орындамаған ауылдық округтер мен тиісті бөлім басшыларын сынға алып, оларға бір апта уақыт беріліп, толық орындауды тапсырды.