АЛТЫ ЖАСАР ЖЕТІСАЙЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

0
56

Жетісай ауданында бүгінде спорт түрінің бренд ойындарының біріне айналған ақыл мен ой-өрісті дамытуға бағытталған шахмат ойынына қызығушылық танытушы ересектер мен балалардың, жасөспірімдердің қатары күн санап артып келеді.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ жанынан өткен жылы ғана ашылған шахмат бөлімінде 4 жаттықтырушы ауданның 3 нүктесіне 56 қатысушымен қарқынды жұмыстар жүргізуде. Нәтиже де жаман емес.
Жуырда ғана, яғни, 14–26 қаңтар аралығында Алматы қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында «Жетісай спорт клубы» мекемесінің спортшысы, 6 жасар Раяна Абайқызы классикалық шахматтан ел чемпионы атанды.
Адам баласының дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын, зейінділікті шыңдай отырып әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге үйрететін, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектесетін шахмат жарысына еліміздің барлық облыстарынан 980 шахматшы қатысты.
«Жетісай спорт клубы» мекемесінде Абдуғазиз Балтабаевтың қарамағында жаттығатын Раяна өткен жылдың желтоқсанында Түркістан қаласында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Түркістан облысының чемпионатында G6 категориясы бойынша да чемпион атанған болатын. Енді Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
“Ұлттық мектеп лигасы” республикалық деңгейде өтіп, командалық спорт түрлерінен сынға түсіп, үздіктер анықталды.
5-6 сыныптар арасында Семей қаласында (127 оқушы қатысты), 7-8 сыныптарарасында Астана қаласында (127 оқушы қатысты), 9-11 сыныптар Қызылорда қаласында өтті (153 оқушы қатысты).
Қазіргі таңда Семей қаласындағы 5-6 сыныптар арасындағы жарыстың қорытынды кезеңі бойынша Түркістан облысының оқушылары жалпы командалық есепте І — орынды жеңіп алды.
2023 -2024 оқу жылында Облысымызда “Ұлттық мектеплига” жарысы спорттың 10 түрінен өткізілді. Осы кезеңде 44 сайыс өтіп, оған 475 командадан 4244 оқушы қатысты. Оның 2005-і қыздардан, 2 239 ұлдардан құралған.
Ұлттық мектеп лигасын өткізу барысында 144 кубок, 1307 медаль сарапқа салынды. Оның ішінде 434 алтын, 444 күміс және 429 қола медаль әзірленген. Облысымызда Ұлттық мектеп лига жарыстары жоғары деңгейдеұйымдастырылып өтуіне байланысты Республикалық кезеңдерде оқушыларымыз топ бастап тұр!
Облысымыз төртінші жыл қатарынан республика бойынша жалпыкомандалық есепте 3 жас ерекшелік бойынша 1 орында келе жатыр.
Төлеби ауданындағы оқушылар «Тау самалы» шаңғы базасында бір күндік демалысын өткізді. Олардың қатарында 2024-2025 оқу жылында республикалық, облыстық байқауларда топ жарған оқушылар бар. Атап айтсақ, спорт пен өнерде және пән олимпиадаларында үздік нәтиже көрсеткендер болды.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың
ұйымдастыруымен «Тау самалы» демалыс аймағы басшысының қолдауымен өткен саяхатқа 40 бала барды. Олар табиғат аясында серуендеп, тау басына аспалы жолмен шығып, шана, шаңғы теуіп сырғанады. Сондай-ақ тау басына шыққан оқушыларға туған жердің табиғаты жөнінде ұстаздары мағлұматтар берді. Мұндай игілікті жобалар жыл бойы жалғасады.
Оқушыларды сапарға аудан әкімі шығарып салып, сапардың сәтті өтуіне ақжарма тілегін арнап, естелік суретке түсті.
– Саяхатқа шыққан адам әлемнің таңғажайып пен тылсымға толы мекендерін өз көзімен көру бақытына ие болады. Алатау баурайындағы «Тау самалы» демалыс аймағына саяхаттап келіңіздер. Сапарларыңыз сәтті өтсін! – деді аудан әкімі.
Тауға шығып, саф таза ауамен тыныстап, биік шыңнан айналасына көз тастап, демалған оқушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Талай сырға қанық, бойы тұнып тұрған тарих Алатау баурайын өз көздерімен көріп, табиғаттың сұлулығына тамсанып, үйлеріне ерекше сезіммен оралды.