БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ ЖҮЗ ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ

0
40

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақ мәселесін үнемі назарынан тыс қалдырмай, әр бүлдіршін толыққанды дамыған, жан-жақты жетілген азамат болып өсуі үшін балабақшадан бастап толымды тәрбиемен қамтылуы тиістігін айтып, ол үшін барлық өңірлерде, шалғай елді мекендерде де мүмкіндігінше балабақшалар ашып, сәбилерді бала тәрбиесімен қамтуды тапсырған. Бұл міндетті орындауда мемлекеттік ресурстармен қатар мемлекеттік-жекеменшіктік іскерлік байланысты да қолдану нәтижеге жеткізеді. Ең басты мақсат – әр бала толыққанды тәрбиемен қамтылуы.
Түлкібас ауданының әкімі Аскар Естибаев аудан орталығындағы «Балдырған», «Балапан» және «Таңшолпан» мемлекеттік балабақшаларына арнайы барып, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын бақылады.
Ол жерде аудан басшысы балалар қауіпсіздігіне қатысты жауапты бөлім басшысына біршама тапсырмалар жүктеп, әйнектен жасалған ішкі есіктерді пластикалық материалға ауыстыру, ескірген теледидарларды жаңарту, аула тазалығы мен есік алдындағы көк тайғақтың алдын алу бойынша ескерту жасады.
Сонымен қатар, мекемелердің жылу жүйесін тексеріп, сыртының тозығы жеткен ғимараттарды жөндеу бойынша шаралар қабылдау керектігін атап өтті.
Жалпы Түлкібас ауданында 53 мектепке дейінгі ұйымдарда 6 мыңнан астам бала қамтылған. Оның ішінде 15-і мемлекеттік балабақша, 35-і жекеменшік балабақша, 3-і шағын орталық. Аймақта балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
Кейінгі кезде айналамыздағы геосаяси ахуалға, басқа да себептерге байланысты азық-түлік тауарларының қымбаттауы белең ала бастады. Соған орай Түркістан облысында да әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қамбаттауын болдырмау бойынша күнделікті нақты жұмыстар жасалынуда.
Атап айтсақ, 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын көтерме сауда орталығынан алған бағадан 15 пайыздан қымбат сатса, сол кәсіпкерден Заң талаптарына сай түсініктеме алынып, айыппұл салу бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Бұл аталған өзекті мәселе Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен өткен апталық жиында қаралды.
Қазіргі таңда аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша ірі 9 сауда орталығымен меморандум түзіліп, аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы штаб бақылауында болады.
Аудан басшысы жауапты орынбасарларына, бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне сауда қатарларындағы әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарларына үнемі мониторинг жүргізіп отыруды тапсырып, бағасын көтеру фактісі орын алған жағдайда ескерту жасап, ескертуге көнбесе айыппұл салу бойынша тиісті шараларды қабылдауды міндеттеді.
Бұдан бөлек, аппараттық жиында аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, жұқпалы аурулардың алдын алу, аймақтағы бейне бақылау камераларының қазіргі жағдайы қаралды.
Қазіргі таңда ауданымызда 11 мал өлекселерін тастайтын арнайы шұңқыр бар, бұл жауапты мамандардың айтуынша жеткіліксіз. Қосымша 2 шұңқыр қажеттілігі бар.
Осы ретте, аудан әкімі шұңқыр аса қажетті Майлыкент және Жаскешу ауылдық округтеріне қажетті жер телімін дайындап, соғу бойынша қаржы қарастыруға тиісті құжаттарды әзірлеуді тапсырды.
Ал, тұрғындарды ит қабу фактісін жою мақсатында, аулау жұмыстарынан бөлек, ауыл әкімдері мен полиция қызметіне бірлесіп, қараусыз көшеде жүрген ит иелеріне айыппұл салу жағын ескертті.
Айта кетерлік, өткен жылы 412 ит қабу жағдайы тіркелсе, биылғы жылдың басынан бері 23 факті орын алған.