МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
46

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, қызмет алушылардың арыз шағымдары, профилактикалық тексерулердің тізімі негізінде және есептік талдаудың, өзге бақылау нысандарының нәтижелері негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абылайхан Наурызбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Агенттік тапсырмасына сәйкес,«Е-лицензия» порталы арқылы ұсынылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша заңнаманың сақталуына жүргізілген сыртқы мониторинг туралы айтып берді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе қызметкері жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркеуді жүзеге асырады және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде рәсімделетіні айқындалған.
Демек, жерге орналастыру жобаларын бекіту және қызмет көрсетуден
бас тартулар тиісті мемлекеттік органның басшысымен берілуі қажет.
Өз кезегінде, қызмет алушы «Е-лицензия» порталымен жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту үшін қызмет көрсетуші бөлімге өтініш берген.
Алайда, Бөлім мемлекеттік қызметті көрсету барысында Қағидамен
қол қою құқығы берілмеген басшы орынбасарымен жерге орналастыру жобаларын бекітуден бас тартылғаны анықталды.
Осы секілді бұзушылықтар 1322 қызмет алушының өтініштеріне қызмет нәтижесін ұсыну барысында орын алған.
Нәтижесімен, Департамент тарапынан тиісті мекемеге анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін заңнамалармен белгіленген лауазымды тұлғалармен беру туралы ұсыным енгізілді.
Қазіргі таңда, Департаменттің ықпалымен аталған бұзушылықтар жойылып, нәтижесімен жыл басынан 200-ге жуық қызмет алушыларға қолданыстағы Қағидаға сәйкес қызмет нәтижесі берілуде.
Сол сияқты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынуымен мемлекеттік қызметтерді алу бойынша заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында қызмет алушыларға әлеуметтік желіде онлайн түрде цифрлық форматта ашық есік күні өтті.
Цифрлық форматта өткен ашық есік күнінде халықтың нысаналы топтарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көрсетілетін мемлекеттіе қызметті алушылардың проблемалық мәселелері және оларды шешу мүмкіндіктері талқыланды.
Айта кету қажет, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның  5-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға міндетті.
Отырар аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі С.Мәуленқұов, Аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы А.Құлдыбайұлы және Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А.Байтеміров өз бөлімдері көрсететін мемлекеттік қызметтерімен таныстырып, қандай жағдайда алуға болатыны және қажетті құжаттар тізбесін айтып өтті.
Онлайн эфир барысында әңгіме үстінде туындаған сұрақтарға, тиісті жауаптары берілді.
Ал, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында 2025 жылғы 5 ақпан күні адвокаттар, сот орындаушылар мен мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің қатысуымен Отырар ауданына қарасты Жаңа Шілік, Темір және Қарақоңыр ауылдық округтерінің тұрғындарына құқықтық көмек көрсетеді.
Мобильді топтың мақсаты — ауыл тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсету, туындаған құқықтық мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, заңгерлік кеңес беру.
Өтетін орны және уақыты:
Шілік ауылдық округі әкімінің аппараты, 5 ақпан күні, сағат 09:00 — 10:00;
Темір ауылдық округі әкімінің аппараты, 5 ақпан күні, сағат 10:30 — 11:30;
Қарақоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты, 5 ақпан күні, сағат 12:00 — 13:00.
Аталған шара аясында кез келген азамат қажетті құқықтық көмек ала алады.