ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫН ДАЯРЛАУДА КӨП ІС АТҚАРЫЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, елді жұмысшы мамандығының иелерінің беделін көтеруді, заман талабына сай жетілдірілген жұмысшы мамандықтарын колледждерде енгізіп, жастардың заманауи жұмысшы мамандықтарын меңгеруіне ықыласын арттыруды тапсырды. Түркістан облысында жұмысшы мамандықтары жылына арнайы жоспар жасалып, көптеген шараларды жүзеге асыру арқылы Мемлекет басшысының бастамасын нақты істермен қолдау жүзеге асырылуда.
Биылғы жылдың 19-26 қаңтар аралығында Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының арнайы пән оқытушысы Мамбетова Дилшода Өзбекстан делегациясымен бірге Иран Ислам республикасына тәжірибе алмасу мақсатында іссапарға барып қайтты.
Іссапар барысында Тегеран және Есфахан қалаларындағы ұлттық қолөнер музейлеріне барды. Есфахан өңірлік мәдени мирас, туризм және қолөнер басқармасы басшылығымен кездесу өтті.
Бірлестік және палата мүшелерімен Өзбекстан делегациясының кездесуі болды. Кездесу аясында Иран Ислам республикасы Қазақстан және Өзбекстан елдерімен болашақта қолөнер бойынша бірге жұмыс жасауға келісімге келді. Делегация мүшелері кілем тоқып шығару, табиғи бояулар шеберханаларына барып, жұмыс барысымен жақыннан танысты.
Сонымен қатар, Түркістан облысында “Жұмысшы мамандықтар” жылына орай ТжКБ жүйесін трансформациялау яғни, колледждер жүйесін заманауи еңбек нарығының талаптарына сай дамыту және жетілдіруде білім сапасын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, кадрлар даярлаудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыстар жоспарланды. Игі бастаманың қатарына цифрландыру және инновациялар жұмыстар кіреді. «Дәнекерлеуші», «IT», «Агро» салалары бойынша құзыреттілік орталығы құрылады. Моноқала Кентау қаласында энергетика және құрылыс саласы бойынша заманауи шеберхана мен зертханалармен жабдықталған “Тeсhnopark” құрылады. Сондай-ақ, заманауи білім беру бағдарламалар орталығын ашу көзделіп отыр.
Мектеп жасындағы балаларды ерте кәсіптік бағдарлау үшін мектептерде салалық сыныптар ашу жоспарға енгізілді. Оларға агро, медициналық, педагогикалық, арнайы IT сыныптары кіреді.
Өңірдің енбек нарығына қажетті мамандықтар атласын жасау жоспарланды. “Лифторлар және эксколаторлар”, “Жылжымалы мүлікті басқару”, “Ет және ет өнімдерін өндіру”, “Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру”, “Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау”, “Агрохимия” (зертханашы,топырақтанушы)”, “Жаңартылған энергетика” сынды облыста 10 жаңа мамандық түрін ашу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қытай, Оңтүстік Корея, Германия, Франция, Иран, Түркия және Өзбекстан республикаларымен халықаралық ынтымақтастықта келісімшарттар түзілді. Енді колледждер халықаралық аккредитациядан өтеді (Түркістан, Кентау, Сарыағаш). Осылайша Халықаралық әріптестікті дамыту ынтымақтастықты нығайту қолға алынды.
Айта кетерлігі, өңірдің экономикалық басым салаларына кадрлар даярлауда облыста 50 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасауда. Оның 28-і мемлекеттік, 22-сі жекеменшік. Бүгінгі таңда, 47 142 студент 75 мамандық бойынша білім алуда (мемлекеттікте – 29 585, жекеменшікте – 17 557). Жалпы 14-35 жастар аралығында 44 270 студентті құрайды. 30 колледжде 43 жұмысшы мамандықтар бойынша 15 710 жуық студент білім алуда.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау керек екенін айтты. Бұл ретте Түркістан облысында сапалы кадрларды даярлау үшін студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары қолға алынған. 2025 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлем артты. 1 айға 1 студентке орта есеппен 33 943 теңге қарастырылған.
– Студенттердің шәкіртақысы 2024 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап 50 пайызға көтерілді. Яғни, 43 575 теңгеге жетті, ал үздік оқитын білім алушыларға 50 110 теңге беріледі. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар үшін 56 646 теңге қаралған. Мүгедектерге берілетін жеңілдіктерге келсек, көз бен құлақ диагноздары барлар үшін шәкіртақының 75% қосымша көмек ретінде беріледі. Бұл – студенттерді әлеуметтік қолдаудың ең басты жаңалығы. Сондай-ақ жылына 2 рет әр жетім балаға 200 мың теңгеден астам қаржы киім-кешектерге арнайы бөлінеді. Студенттер үшін жол жүру ақысы бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Жылына екі рет әр балаға 8 мың теңгеге жуық қаржы жолақы ретінде беріледі, – дейді Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова.
Түркістан облысында 43 колледжде 5 701 студент тегін жатақханамен қамтылған. Сонымен қатар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін күнделікті бір реттік ыстық тамақтануға 734 теңге, орта есеппен 1 айға 14 680 теңге беріледі. Студенттерге салауаттылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған психологиялық көмектер де қарастырылған.
Тегін кәсіптік білім беру гранттары саны жыл сайын артып келеді. 2023-2024 оқу жылында 15 350 мемлекеттік тапсырыспен орын бөлінсе, биылғы оқу жылында 15 525 грант қарастырылған. Бұл 100 % межеге жетіп, толық қамтамасыз етілді.