АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

0
38

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшін қазақстандықтардың денсаулығы мен жайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік жасалу қажеттіін айтқан. Әсіресе, халықтың денсаулығын сақтау мәселесіне аты-шулы коиттен кейін ерекше назар аударыла бастады. Бүгінде тек елдің басты қалаларында ғана емес облыс орталықтары мен қала, аудан орталықтарында да денсаулық сақтау салалары озық медициналық препараттармен, техника, технологиялармен жабдықталуда.
Түркістан облысында азаматтардың денсаулығын қорғау мен сақтау бойынша жұмыстар жергілікті басшылар назарында. Бұл салаға байланысты жұмыстар үнемі әкімдердің назарында болып, атқарылып жатқан жұмыстар бақылаудан тыс қалмайды.
Кентау қаласында Түркістан облысы «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК басшысы мен мамандары және қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболованың қатысуымен жиын өтті.
Жиынға қаладағы барлық медицина мекемелерінің басшылары мен мамандары, қалалық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы мен мамандары, жауапты бөлім мен мекеме басшылары, ауыл әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде бес мәселе қаралып, ұсыныстар жолданды. Атап айтқанда: Кентау қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру; Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу; Репродуктивті жастағы халық арасында АИТВ инфекциясының жұғынуының алдын алу; 2024 жылдың жылдық қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайын талқылау; Жүкті әйелдердің серіктестерін тексеру бойынша АИТВ инфекциясының жұғынуының алдын алу.
Жиында мамандар тарапынан бірқатар ақпараттар мен алдын алу бойынша ұсыныстар айтылып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Тұрғындар арасында да түсіндіру шараларын жүйелі қолға алу жайы пысықталды.
Сол сияқты қаладағы өндірістердің жұмысы да әкімдік назарында. Қала басшылығы мен жауапты шенеуніктер бұл саланың жұмысын арнайы барып зерделеп отырады.
Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов қаладағы индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймаққа жұмыс барысымен барды. Аймақтарда жұмысы жүріп жатқан және осы жылы жүзеге асырылатын жобаларды аралап бақылады.
Бүгінгі таңда жұмысы жүріп жатқан «Темір Бетон» ЖШС, «Таженов» ЖК сылаққа арналған металл тор шығару цехы, «АБН-Альянс» ЖШС платмассалық трубалар шығару кәсіпорнының жұмысымен танысып, мәселелерін тыңдады.
Биыл Кентау қаласындағы арнайы экономикалық аймағынан екі жоба іске асырылады деп күтілуде. Олар: «Кентау Red Star» ЖШС – құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын кірпіш шығаратын зауыты орналастырылуда. Жобаның қуаттылығы жылына – 40 млн. дана кірпіш шығару. Жоба ашылған сәттен бастап 80 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Аталған жоба 2025 жылдың сәуір айында іске асырылады деп күтілуде.
«Turan Shenhua» ЖШС – газ қазандықтары және тұрмыстық техникалар шығару жобасы. Жалпы құны 2,4 млрд. теңгені құрайды. Жоба іске асқан сәттен бастап 200 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Аталған жоба 2025 жылдың қараша айында іске қосылады.
Ал, индустриалды аймақтан «АйдарСтройГрупп» ЖШС өнеркәсіпке арналған металл құрылымдарын, металл бұйымдарын өндіру жоба іске асырылмақ. Жоба құны 2,5 млрд теңге. Жұмыс орны 150 адамды қамтиды.
«Сапар Құрылыс-С» ЖК металл өндірісі цехі. Жоба құны 400,0 млн теңге. Іске асырылған сәтте жұмыс орны 100 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Сонымен бірге кентаулықтар арасында өзін өзі жұмыспен қамту үшін жеке кәсіптерін ашып, шағын кәсіпкерлікпен айналысуға кіріскендер де аз емес. Олардың көпшілігі мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары мен жеңілдіктерін пайдаланып, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алып, ал енді біреулері нар тәуекелмен жеке кәсіптерін бастауда.
Кентау қаласының тұрғыны Асылхан Ердебеков өз қаржысы есебінен үй ауласынан шағын цех ашып, гипстен түрлі тұрмыстық бұйымдар, одан бөлек бетоннан әртүрлі қалыптар жасайды.
Өзінің еңбек жолын 1987 жылдан тау кен өнеркәсібінде тас бұрғылаушы болып жұмыс жасаған. Кейін шет мемлекеттерде жұмыс жасап, сонда жинаған тәжірибелерін туған өлкесінде дамытуды қолға алған.
Кәсіпкер 10-нан аса өнімнің түрлерін шығарады. Онда әрбір берілген тапсырысқа сәйкес түрлі пішінде әзірлейді. Бұл кәсіп түрін 2024 жылдан бастаған. Кәсібін бастағанына аз уақыт болсада сұраныс артқан. Жергілікті жерден бөлек, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларына жібереді.
«Жиырма жылдан аса шет мемлекетте жұмыс жасап, енді өз туған қаламның дамуына үлес қосқым келеді. Осы үйренген әрбір тәжірибемді жастарға үйретіп, шәкірттер тәрбиелеуді көздеп отырмын» дейді кәсіпкер.
Бүгінгі таңда, гипс, бетоннан бөлек темірден бұйым жасауды қолға алған. Алдағы уақытта кәсіпті ұлғайтып, жұмыс көзін көбейтуді қолға алмақ. Кәсіпкер Асылхан Алиханұлы кенші ардагер, 4 перзенттің әкесі, немере сүйіп отырған ата.