Жиналған қайырымдылық көмегі түркістан әуежайына сыймай қалды

Бүгін Түркістан әуежайынан тағы бір ұшақ Түркияға ұшып шығады. Енді ниеттілер тек ақшалай аударым жасаса дейді ұйымдастырушылар. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің студенттері мен ерікті жастар жан-жақтан келіп жатқан гуманитарлық көмекті сұрыптап, ұшаққа тиеуге дайындап жатыр. 30 тонна жүк ұшақпен жақын арада жөнелтілмек. Айта кетер жайт, енді азық-түлік пен киім-кешек қажеттілігі жоқ. Сондықтан, түрік ағайындарға барынша жылы киім, көрпе-төсек пен жылытылған палаткалар аса қажет. Әрі ақшалай көмекке де мұқтаж екен. «Соңғысын, мобильді банк қосымшалары арқылы және Алматы қаласындағы Түркия консулдығына аударуға болады»- дейді шараны ұйымдастырушылар.