Тарихи Сауран қалашығы

Мына киелі Ұлы даладағы топырағын түртіп қалсаң, сан алуан тарихты сөйлеп қоя беретін қастерлі орындар мен көне жәдігерлері көп. Сондай тарихи, көне қалалардың бірі, талай жылдар Ақ Орданың астанасы атанған, Түркістанның солтүстік-батысындағы орта ғасырлық Сауран қаласы. Сауран-XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған Қазақстандағы қорған дуалдары сақталған әйгілі ортағасырлық қалалардың бірі. Сауран туралы алғашқы жазба деректер X ғасырдың 1-жартысына жатады. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Кейбір көне деректер Сауранның өркендеп дамыған шаһар, ғаламат қамал болғандығын растайды. Қаланың іргетасын қалау барысында оның қорғанысына көп күш жұмсалып, қолөнер ісі, ауыл шаруашылығы қарқынды жүргізілген. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде, мешіт бар «деп жазған.
Қазіргі таңда Сауран қаласы солтүстік пен оңтүстікке қарай 850 метр ,шығыстан батысқа қарай 660метрге созылып жатыр, ұзындығы 2360метр қорған қамалмен қоршалған. Қамалдың сақталған қабырғаларының биіктігі 3-6метрге дейін жетеді. Қақпаның бұрыштарына 7 қорғаныс мұнарасы тұрғызылған. Тарихтан сыр шерткен тарихи мұраның түпнұсқасын сақтап қалудың маңызы зор.
Бүгінде Сауран ауданында көптеген оңды өзгерістер орын алып, Түркістан қаласымен қатар дамып келе жатыр. 2021 жылы наурыз айында Мемлекет басшысының жарлығымен Сауран ауданы құрылған еді. Қазіргі таңда ауданның негізгі бағыттарының бірі- кәсіпкерлік және туризм саласы болып табылады. Ауданның ұйымшыл, еңбекқор халқы негізінен кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына ден қойған. Осы бірнеше жыл ішінде аудан дүниежүзілік мұралар тізіміне енді. Тарихи мұраларды дамыту бағытында мұнда ауқымды жұмыстар атқарылуда.
«Т.Айтжанов» атындағы
жалпы орта мектептің 9″В» сынып оқушысы
Ташпулатова Дилдора
Жетекшісі: Айтымбетова Фариза