Талдау жүргізілді

0
105

 

 

30 — қаңтар күні Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен М.Әуезов мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ әдебиетінің жазушысы, Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толуына орай “Менің құрдастарым” атты шығармасына талдау жүргізілді. Оқушылар аталған шараға белсене қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға жазушы Саттар Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып түсіндірілді. Жазушының “Менің құрдастарым” атты романынан үзінді оқылып, сұрақ-жауап арқылы талдау жүргізілді. Оқушылар өздері оқыған шығармаларынан үзінділер оқып, түсініктерін айтып берді. Саттар Ерубаевтың Қарағандыда қызмет істеген кезі болашақ “Менің құрдастарым” романының материалын жинақтауға, талай жаңа өмір құрылыстарын көріп, ақындық елегінен өткізуге, шахталардың техникасымен танысуға, қажымай талмай жұмыс істеуге мүмкіндік берген кезен еді. Міне, сондықтан да оның аяқталмаған романы нақтылы өмірден, өзі араласып жүрген оның қуаныш-сүйенішіне ортақ болған өмірден алынып жазылған щынайы “өмір көркемдігінің” шығармасы болды. Оқушылар аталған шығарманы қызыға талдады. Сонымен бірге, аудандық балалар кітапханасының тұрақты оқырманы №6 Жүсіпбек Аймауытов мектебінің 6-сынып оқушысы Әбдіжаппар Аманғали жазушы Саттар Ерубаевтың “Бақыт” әңгімесінен үзінді айтып берді. Оқушы аталған шығарманың өзіне қатты ұнағанын, сосын аталған кітапты бір деммен оқып шыққанын айтты. Жазушының басқа да шығармалары өзіне қатты ұнайтынын жеткізді. Оқушылар шығармадан алған әсерін ойын жеткізді. Аталған мәдени шараны өткізудегі басты мақсат – оқырмандарды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, елін жерін сүюге, ұлы адамдардың өмірін үлгі тұтуға, шығармашылығын дәріптеуге баулу болып табылады. Бұдан кейін Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық орталық кітапханада 30 қаңтар күні жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл тлуына орай «Жазушы өмірінен» атты өмірдерек барша топтардың қатысуымен өтті. Аталмыш шараны өткізудегі басты мақсат — оқырмандарды жазушы өмірімен, шығармашылығымен тереңірек таныстыру арқылы шығармашылыққа, кітап оқуға шақыру болып табылады. Оқушылар жазушы өмірінің толық нұсқасымен танысты, шығармаларын жатқа айтып, шараны барынша қызықты етіп өткізді.