«Сырлы саздың шебері» атты кітап көрмесі өтті

0
103

 

 

Күні кеше Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындық кітапханада Қазақтың қобызшы-композиторы, Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген өнер қайраткері Жаппас Қаламбаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Қыл қобыздың құдіреті» атты күй кеші өткізілді. Аталған мәдени шараға оқушылар белсене қатысты. Теріскейдің тумасы, талантты қобызшы туралы барлық қызық деректерге қанықты.

Күй кешінде кітапханашы А.Сарыбаева күй өнерінің дамуына саналы ғұмырын арнаған Жаппас Қаламбаевтың өмір деректемелерімен таныстырып, «Сырлы саздың шебері» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Іс – шарада Созақ ауданында орналасқан Ахмет Жұбанов атындағы балалар саз мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі Жүзбаев Мақсат өнерлі шәкірттеріне Ж.Қаламбаевтың «Жұман күйі», «Кең өлке» «Қасқырдың ұлығаны» күйлерімен қоса Жаппас Қаламбаевтың өнердегі ұстазы Сүгір Әліұлының «Ыңғай төкпе» күйлерін шерткізіп, оқырмандардың күй өнеріне деген махаббатын арттыра түсті. Атақты композитордың барлық шығармалары орындалды десе де болғандай. Оқушылар қазақты ұлттық аспаптарында дарынды композитордың шығармаларын орындап шықты.  Аталмыш мәдени шараны өткізудегі мақсат — күйші –композитордың шығармашылығымен оқырмандарды таныстыру. Балалардың есте сақтау және домбыра ойнау, қобыз тарту шеберлігін шыңдау. Үлкенге деген құрмет, кішіге деген ізетті ұғындыра білу болып табылады. Жаппас Қаламбаев — 1909 жылы сол кездердегі Шымкент облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Ол домбыра тартуды 7-8 жасында әкесі Қасымбектен үйрене бастаған. Қобызда ойнауды өзім үйренген. Жаппас күйші Сүгірден көптеген күйлерді, оның ішінде қобызды да үйренген. Бірақ Сүгір бәрін домбырамен орындаса, Жаппас қобызбен Қорқыт пен Ықыластың күйлерін орындаған. Қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениетінде халық музыкалық аспаптары елеулі орын алады. Кең тараған музыкалық аспаптардың бірі (домбырадан кейінгі) екі шаш ішекті иілген иілгіш музыкалық аспап қобыз деп аталады. Қобыз музыкалық аспаптардың ең көне түріне жатады. Аспаптың құрылымының өзі оның көнелігі туралы айтады. Қобызды бір ағаштан – арша, үйеңкі, қарағай, қайыңнан ойып шығарады. Қобызға арналған ішектер әлі күнге дейін ат құйрығынан жасалады. Садақтың доға тәрізді пішіні бар және садаққа ұқсайды. Оқушыларға қазақтың ұлтты аспабы қобыз туралы да кеңінен мәлімет келтіріп кетті.