«Тарихпен тамырлас» атты шара өтті

Түркістан облысының тарихын түгендеп, тасын түртсең тарихы сөйлейтін киелі жерлері туралы толыққанды зерттеп, бірнеше кітапқа арқау қылған жазушы Момбеке Әбдіәкімұлы биыл 65 жасқа толып отыр. Осыған орай Түркістан облысындағы мәдени ошақтарда түрлі тақырыптағы іс шаралар легі жалғасын табуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Достық ауылдық кітапханасында «Тарихпен тамырлас» жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлының — 65 жасқа толуына орай тұлғатану сағаты өткізілді. Іс-шара ұстаз Меңлібекова Жаңыл, Сансызбаева Күлзипа және 10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Аталмыш шараның негізгі мақсаты — оқушыларды жергілікті жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру болып табылады. Жазушының тарихи романдарына тоқталып өтіп, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, оларды кітап оқуға шақырып, жазушының шығармаларын дәріптеді. Бұдан кейін Төле би ауданындағы Әңгірата ауылдық кітапханасында «М.Әбдәкімұлы — тарихшы, шежіреші» атты Момбек Әбдәкімұлы-65 жаста атты мәдени іс шара ұйымдастырылды. Жазушының өмірі мен шығармашылығы айтылды. Оқушылар М.Таңнұр, Б. Исахан, Г. Нұрлыбек жазушының “Зобалаң”, “Күн тұтылған мезгіл” атты шығармаларынан үзінді оқыды. Іс-шараның мақсаты: оқырманды жергілікті ақын жазушылардың шығармаларымен таныстыру, кітаптарын оқуға насихаттау, тарихи шығармаларының мазмұнын ашу болып табылады. Оушылар жазушының бүкіл шығармаларымен танысып шықты. Момбек Әбдіәкімұлы – 1959 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылында туылған. Көкшетау университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген. Бүгінде бүкіл респуликамызға танымал жазушы, шежіреші. Жалпы Түркістан облысының бүкіл тарихын қаламына арқау еткен білікті жазушы. Осы уақытқа дейін 17 кітап жазып шыққан. Олардың арасында «Ойсыл шежіресі», «Сіргелі Қарабатыр шежіресі», «Сіргелі Шалдар-Байжігіт шежіресі», «Жаныс шежіресі», «Жаныс Шегір шежіресі», «Сиқым Құлбайымбет шежіресі», «Жаныс Оймауыт шежіресі», «Жаныс Қожабек-Жолан шежіресі», «Жаныс Олжанқұл-Сұлтанқұл шежіресі», «Шымыр шежіресі», «Төлеңгіттер шежіресі» «Зобалаң», «Сүлеймен қарақшы», «Дүрбелең», «Күн тұтылған мезгіл», «Қараман қарақшы», «Естемес би», «Разборщиктің» жан сыры», «Құбыжықтармен алысқан адам», «Самұрық» қазақ мафиясының көсемі», «Қазақстандық» наркобаронның ақыры», «О дүниеден оралғандар» сияқты кітаптар мен хикаялардың, сондай-ақ Қаңлы, Дулат, Шанышқылы, Жалайыр, Арғын, Қоңырат, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Найман, Сіргелі, Кіші жүз тайпаларының шығу тегі жайында жазылған бірнеше мақалалардың авторы. Әсіресе кезінде «Сүлеймен қарақшы» атты тарихи шығармасы оқырман тарабынан қатты қызығушылық тудырған болатын. Жергілікті газеттерге басылып, қалың оқырман тарапынан үлкен бағасын алған-тын. Өмірде болған оқиғаға негізделіп жазығандықтан шынайы шығарма өз оқырманын тапты.