ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЭКОНОМИКАҒА ҚАРҚЫН БЕРЕДІ

0
72

Мемлекет басшысының елімізді жаһандық цифрлық технология орталығы ретіндегі орнын нығайту туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында Түркістан облысы IT секторын дамыту үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.
Таяуда Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен барып ақпараттық технологиялар саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы маңызды қадам жасалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Татарстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Иннополис қаласына барды. Иннополис қаласының мэрі Дмитрий Вандюковпен және Университет директорының орынбасары Искандер Бариевпен кездесіп, заманауи білім ордасымен танысты. Ғылым мен IT технологияларды дамытуды, жасанды интеллект пен робототехника саласындағы және инновациялық аумақтарды құруда тәжірибесімен бөлісу ынтымақтастығын қарастыру туралы талқылады. Иннополис университеті ақпараттық технологиялар және робототехника саласындағы білім беру мен зерттеулерге маманданған жоғары білім беру ұйымы. Заманауи ЖОО-да барлық академиялық бағдарламалар ағылшын тілінде жүргізіледі, ал мамандықтар ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Университет Ресейдегі 300-дей жетекші IT-компаниялармен біріккен 17 зертханасы мен 9 даму орталығы бар ғылыми орталық. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.
Бұл бағытта облысымызда белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сапардан оралған соң облыс әкімі аппараттық басқосуда:
– Цифрландыру – заманауи әрі жастарды қызықтыратын сала. Жаңа идеялар ойлаңыздар. Түркістанды ІТ саласы дамыған орталыққа айналдыруымыз керек. Жуырда Татарстанға барып, сол жақтағы ІТ саласындағы жұмыстармен таныстым. Онда арнайы мектептер ашылған. Түлектерінің 100 пайызы жұмыспен қамтылып жатыр екен,- деген Дархан Амангелдіұлы байланыс операторларының жауапкершілігін көтеру, солармен бірлесе жұмыс істеу, инвестиция тарту мәселелерін реттеуді тапсырды.
Түркістан облысы аумағында жалпы 2 053 379 тұрғыны бар елді мекендердің 386-сы 3G және 304 ауыл 4G мобильді интернетпен қамтылған. Облыс мобильдік интернет желісімен қамтылу деңгейі халық санына шаққанда 92,2% және ауылдық елді мекен санымен есептегенде 83% құрайды. 139 аймақтық елдімекеннің 100-і 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған. Жол картасы аясында халық саны 250-ден жоғары 81 елді мекеннің 50-ін 2024-2025 жылдары интернет желісімен қамту жоспарлануда.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысының бекітілген ауылдық елді мекендерің мобильді интернет желісімен қамту жол картасы негізінде биыл байланыс операторлары (Кселл, Билайн) өз қаражаты есебінен 106 базалық станция орнатуды жоспарлап, қазіргі таңда жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы цифрлық технологияларды дамыту экономиканы дамутуда негізгі рөл атқарады. Өйткенгі әлемнің дамыған мемлекеттері негізінен цифрлық технологияларды өндіріс пен ауыл шаруашылығы басқа да барлық салаларға ендірумен бірге әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-спорт. Тағы басқаларына да енгізіп, соның арқасында дамуын қарқындатуда. Біздің еліміз, оның ішінде Түркістан облысында да салыстырамалы түрде цифрлық технологияларды енгізу деңгейін көрші мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан да елімізде, оның ішінде облысымызда осы бағыттағы іс-шараны назарда ұстай отырып облыс басшылығы цифрландыру қарқынын арттыру арқылы аймақтың қуатын еселп арттыруды мақсат етуде.