АДАМ МЕН ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУ САРАЛАНДЫ

0
58

Бүгінде біздің елімізде ғана емес, көптеген мемлекеттерде қоғамдағы отбасылық құндылықтарды сақтау, ана мен баланы қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және солардың дұрыс болмауынан туындайтын адам саудасы проблемасы өзекті болып тұр. Өйткені отбасында береке, бірлік, түсіністік болмаған жерде құндылықтар сақталмайды, ана мен бала қорғаусыз қалып, тұрмыстық зорлық-зомбылық пайда болады. Ондай отбасыларынан шыққандар одан әрі адам саудасының құрбандарына айналып жатады. Сол себепті бүкіл әлемдегідей біздің мемлекетіміз де адам саудасына қарсы күрес шараларын қолға алып, тұрақты жүргізіп, оның алдан алуға күш салып келеді.
Қткенде ғана «30 шілде — адам саудасына қарсы күрес күніне» орай ҚР ІІМ қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, ағымдағы жылғы 30-31 шілдеде «Адам саудасына қарсы күресте біртұтас!» атты ақпараттық науқаны өткізілді.
Профилактикалық акция шеңберінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірге, облыс орталығындағы адамдар көп шоғырланатын аймақтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бір тәулікте «116 16» сенім телефонының нөмірі бар 1000-нан астам жадынама таратты. Оларда адамдардың адам саудасының құрбанына айналуынан сақтандыру бойынша түсініктемелер жасалды.
Соның ішінде Теміржол вокзалы мен әуежайдағы жолаушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіп, дауыс зорайтқыш арқылы станцияның бүкіл аумағына адам саудасының қаупі туралы ақпарат айтылды.
Полиция тұрғындарға “қандай да бір жанның құлдықта жұмыс жасап жүргенін байқасаңыз, болмаса адам саудасына қатысты басқа да қылмыстардың құрбаны не куәсі болсаңыз, үндемей қалмаңыз, заңға жүгініңіз!’’- деп құқықтық кеңес берді. Яғни жезөкшелікпен айналысуға тарту, сексуалдық қанау, мәжбүрлі еңбекті пайдалану, қайыршылық сұрауға мәжбүрлеу, заңсыз бала асырап алу, трансплантация үшін адам ағзасын заңсыз алу қылмыстары адам саудасына жататын жеткізді.
Мұндай қылмыстардың құрбаны болмас үшін құжаттарыңызды қырағы болыңыз, өзіңізді алдауға жол бермеңіз деп, қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды. Осылайша адам саудасына қарсы күресте ақпараттандырылған адамдардың ондай келеңсіздіктің құрбаны болмауына септік етерлік шара жүргізілді.
Сондай-ақ, Түркістан олысының Жетісай ауданында қоғамда отбасының маңыздылығын, шаңырақтың шайқалмауын нығайту және ана мен бала қауіпсіздігін қорғау, әйелдерді, жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бағытында жасалып жатқан жұмыстар сараланды.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция лейтенанты М.Мақтабек, «Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық тобының» жетекшісі А.Шойғараевамен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсат — ҚР ІІМ-нің 2024 жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасы рөлін нығайту. Осы бағытта аудан көлемінде халықты ана мен баланы қорғауға шақырды.
Сонымен қатар қыз-келіншектерге «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында жадынамалар таратылды.