КЕРІ БАЙЛАНЫС ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІН АРТТЫРАДЫ 

0
56

Мемлекет басшысы құқықтық мемлекет құру үшін құқық қорғаушылар мен азаматтар арасындағы сенімнің маңыздылығын атап көрсеткен. Ол үшін құқық қорғау органдары азаматтармен тығыз қарым-қатынаста болып, тек олардың, қоғамдық қауіпсіздікті қорғаумен шұғылданып қана қоймвай, азаматтарды заңдылық, құқықтық және қауіпсіздік мәселелеріне байланысты арнайы қабылдаулар өткізіп отыруы керек. Онда айтылған өтініш-тілек, арыз-шағымдар мен ұсыныстарды да дер кезінде назарға алып, заң аясында орындауды қамтамасыз етуге тиісті. Сонда ғана халық пен құқық қорғаушылар арасында сенім орнап, қоғам дамуында тәртіп болады. Ал бұл өз кезегінде өңірде жайлы ахуал қалыптасып, әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқындауына мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығына азаматтарды жеке қабылдауға 1500-ден астам адам түрлі сұрақтармен, шағымдармен және ұсыныстарымен жүгінді. Көптеген өтініштер қылмыстық істерді тергеуге, сонымен қатар әкімшілік және криминалды полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі, кадрлық жұмыс мәселелеріне қатысты болды.
Жеке қабылдау барысында облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов өтініш білдірген азаматтардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, әр жағдайдың мәнін мұқият зерттеп, олардың проблемаларын шешу жолдарын ұсынды.
Бірқатар шағымдар бойынша полиция департаментінің бастығы қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді, ал егжей-тегжейлі талқылауды қажет ететін қалған мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдау мерзімдері белгіленді.
Полицейлер атап өткендей, азаматтардың шағымдарын уақтылы қарау, сондай-ақ келіп түскен сұрақтарға дер кезінде ден қою халықтың полицияға деген сенімін арттырады. Бұл бағыттағы жұмыс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.
Сол сияқты Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізіп, облыс тұрғындарын қабылдады. 22 орында өткен акцияның 2 тәулігінде тәртіп сақшылары 220-ға тарта тұрғынның мәселесіне ден қойды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауалға заң аясында құқықтық кеңес берілді.
Мәселен, жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне, кадр саласына қатысты сауалдар көптеп қойылды.
Жалпы бұл акцияның негізгі мақсаты — тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасындағы кері байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету, халыққа қолайлы жағдай жасау.
Айта кетсек, іс-шара үстіміздегі айда да өткізіліп, жалғасын табады.