ОТБАСЫЛЫҚ ЦИФРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ӨЗЕКТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

0
92

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев мемлекеттік отбасылық саясатты жүргізуде қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасылық және гендерлік саясатты да мақсатты түрде қоса жүргізу қажеттігін, ол үшін отбасылық цифрлық картаны енгізу қажеттігін тапсырған болатын. Цифрлық картаны енгізудегі мақсат — халықтың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, отбасылық цифрлық картаны мемлекеттік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау. Мемлекет отбасылық карта арқылы халықтың мұқтаж топтарына қандай қолдау жасау, қаншалықты деңгейде көмек көрсету керектігін анықтап, болуы мүмкін әлеуметтік тәуекелдердің алдын алады. Сондықтан да бұл мәселеге жергілікті әкімдіктер де тұрақты назар аударып отыруға тиісті.
Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Онда отбасылық цифрлық картасындағы деректерді өзектендіру бойынша 2024 жылға арналған міндеттері туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы Сауран ауданы №24 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Мұхит Нұржан баяндама жасады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбектің мәлімдеуінше отбасының цифрлық картасы — еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры болып табылады. Бұл дерекқор мемлекеттік органдардың қазіргі ақпараттық жүйелері негізінде қалыптастырылып келеді. Оны енгізудегі мақсат – халықтың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, отбасылық цифрлық картаны мемлекеттік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Яғни, мемлекет кімге, қашан, қандай көмек қажеттігін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алатынын атап өтті.
Яғни отбасылық цифрлық картаның деректерін өзектендіре отырып аудан көлемінде мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларды анықтап қана қоймай олардың қатарын жұмыспен қамту, басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз ете отырып азайту жүзеге асырылуы қажет. Сол себепті де бұл мәселеге мән беріліп отыр.
Бұдан соң Сауран ауданы №24 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Мұхит Нұржан баяндауынша төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан жазғы шомылу маусымында аудан аумағында су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен бірге, Оранғай, Бабайқорған ауылдық округтерінен коммуналдық жағажай ашылып, қауіпсіздіктің алдын алу үшін құтқару құралдарымен толықтырылғанын жеткізді.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.