ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
70

Мемлекеттің қарыштап дамуы оның өңірлерінде еңбекті ұйымдастыра білуге, озық технологияларды, цифрландыруды, басқа да жетістіктерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Әсіресе аудан басшылығының өлкенің тұрғындарын, барлық ресурстарын ұйымдастырып, белгіленген жоспарларды орындауға жұмылдыра білуіне көп нәрсе байланысты. Президенттіңжолдауларынада алға қойылған міндеттер мен облыс әкімінің тапсырмаларын дер кезінде, уақтылы орындау мақсатында аудандық деңгейдегі басшылар қарамағындағыларға тапсырма жүктеп қана қоймай солардың орындалуын пысықтап, қадағалап,, арнайы аралап бақылап, қадағалауы жұмыстың жандануына тікелей әсер ететін фактор.
Өткен аптада да әдеттегідей аудандағы жұмыстардың барысын бақылап, жаңа оқу жылы қарсаңындағы дайындықтың деңгейін бағамдап, оқушылардың бірінші қыркүйекте жайлы да жарық, сапалы сыныптарда білім алуға кірісін қамтамасыз ету үшін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Азимханұлы білім бөлімі қызметкерлері, мектеп директорлары және мердігер мекемелердің басшыларымен кездесіп аудан көлеміндегі мектептерде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының жай күйін пысықтады.
Аталған кездесуде мердігер мекемелермен ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында пайда болған мәселелердің шешу жолдарын талқылап, ұсыныстар, бірқатар тапсырмалар беріліп, кемшілік тұстарын түзетуді тапсырды. Сонымен қатар, білім бөлімі басшысы мен мектеп директорларына ағымдағы жөндеу жұмыстарына тікелей жауапты екенін ескертіп, жөндеу жұмыстарының сапасына және уақытылы пайдалануға берілуін назарда ұстауды тапсырды.
Ал, аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов ағымдағы жөндеу жұмыстары және жаңа оқу жылына дайындық бойынша білім нысындарын аралады. Құрылыс басында мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, халықтың ұсыныстарын жеткізіп, істелініп жатқан жұмыстарды сапалы әрі уақтылы орындап шығуды қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, елімізде аталып өтетін құрылысшылардың кәсіби мерекесінде Қазығұрт ауданында да құрыш білек құрылысшылардың мейрамы аталып өтті. Құрылысшылар ауданның сәулет-құрылыс саласында еселі еңбек етіп өңірдің ондаған нысандарын салды. Оның әшәнде өндіріс, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік-тұрмыстық, білім, денсаулық саласына қатысты нысандар да бар. Атаулы күні құрылыс саласында еңбек етіп келе жатқан қызметкерлердің кәсіби мерекесінде Мемлекет басшысы айтқандай еңбек адамына деген құрмет көрсетіліп, озаттар марапатталды.
Кәсіби мереке қарсаңында құрылыс саласының ардагерлері мен мамандарына арнап салтанатты жиын өтті. Құрылысшылар мерекесі күніне арналған жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Данабайұлы құрылыс саласына елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлерге құттықтау тілектерін айтып, мерекелерімен құттықтады.
Сонымен қатар, құрылыс саласында талмай еңбек еткен, елеміздің өркендеуіне үлес қосқан құрылыс саласының ардагерлеріне «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Есімхан Ешенқұлұлы аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, мерекелерімен құттықтады. Құрылыс саласының еңбеккерлері де өздеріне арналған ықылас пен құрметке, еңбектерінің еленгеніне рухтары көтеріліп, риза болды.