АУЫЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Елімізде пандемиядан соң денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлінуде. Әсіресе, ауылды жерлердегі тұрғындардың медициналық қызмет алуының сапасын көтеру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырыла бастады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясына Түркістанда өңірінде 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысы енгізілген. Осы бағыттағы жұмыстарды пысықтау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.
– Өңір тұрғындарының денсаулығын жақсарту барысында оларға сапалы медициналық қызметтер көрсете алуымыз қажет. Бұл ретте соңғы үлгідегі заманауи денсаулық мекемелері маңызды рөл ойнайды. Облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей қолдауымен қаншама денсаулық нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік және 6 медициналық пункт қамтылған. Салғырттық танытып, бей-жай қараған мердігерлер жауапсыз қалмайды, – деген әкім орынбасары мерзімінде орындауды тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді.
Жиынға жауапты басқармалардың басшылары мен мердігер мекемелер қатысты. Жобалардың тапсырыс берушісі – облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев сөз алып, мердігерлерге жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапалы әрі бекітілген кестеге сәйкес уақытылы орындауды қатаң тапсырды. Мерзімінен кешіккен мердігер мекемелерге заң талаптарына сай айыппұл салынатыны ескертілді.
Аталған жиында көтерілген мәселелерді жоспарға сай орындауға 10 күн уақыт берілді. Айтылған ескертпелерден нәтиже шығарып, келесі жиын отырысына дейін орындалып жатқан жұмыс сапасы мен көлемін баяндау қажет деді. Тиісті деңгейге жеткізбеген мердігер мекемелерге Заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қабылданып, айыппұл салынады.
Биыл 7 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланған. Қазіргі таңда Жетісай, Созақ және Сайрам ауданындағы үш нысанның ЖСҚ-лары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Біреуі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, мемлекеттік сатып алу порталына конкурсы жарияланды. Ал Кентау қаласы мен Келес, Бәйдібек аудандарында тиісті жұмыстар жүріп жатыр.
Ал, «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Келес ауданының Аманжар, Жаңақоныс, Бесқұбыр елді мекендерінде фельдшерлік-акушерлік пункттер салынуда. Бұл жұмыстар жеке инвесторлардың есебінен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Дәрмен» ЖШС және «АзияМед» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда.
Бұл туралы Қошқарата ауылдық округінің әкімі Ерлан Нұрмахан Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы Бахтияр Абдрахмановтың төрағалығымен өткен жиында мәлімдеді.
Келес ауданындағы аумағы және халқы жағынан ең ірі аймақтардың бірі – Қошқарата ауылдық округі болып табылады. Мұнда 22 576 тұрғын 13 елді мекенде тұрады.
Айта кетейік, биыл ауылдық округінің орталығы Бесқұбыр елді мекенінде 300 орындық оқу ғимараты пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Қошқарата ауылдық округі әкімі аппаратының құрылысы басталуы жоспарланған. Бесауыл елді мекеніндегі ұзындығы 1 840 метрді құрайтын Достық көшесін орта жөндеуден өткізілсе, Ұшқын елді мекенін газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Мемлекеттік сатып алу порталына жеңімпаз анықтау үшін салынды. Ал, ағымдағы жылы кәсіпкерлер есебінен Шынар елді мекеніндегі Егемендік, Бейбітшілік және 1 Мамыр ауылдарында Құрманғазы көшелері және Бәйтерек елді мекенінің Жеңіс-1, Жеңіс-2, Жеңіс-3 көшелеріне, жалпы ұзындығы 3,0 шақырым көше жарықтандырылды деп жоспарлануда.
Ауданда атқарылып жатқан бұл жұмыстардың барлығы да тұрғындардың денсаулығын сақтау және жалпы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған.