АЙМАҚ ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСҚОСУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасы соңғы жылдары шығыстағы көршіміз Қытай Халық Республикасымен жан-жақты байланыстар орнатуда. Оның ішінде экономикалық ұарым-қатынас тез арада ауқымын кеңейтіп келеді. Өйткені қытайлық кәсіпкерлер мен бизнес компаниялар өздерінің жетістіктерін кеңейте түсу үшін көрші мемлекеттерге инвестиция салуға ұмтылуда. Соңғы жылдары екіжақты экномикалық байланыс қарқын алуда.
Таяуда Астана қаласында тағы да Қытай тауарларының көрмесі өтті. Түркістан облысының делегация құрамында Қарашық ауылдық округінің 7 кәсіпкері қатысып, қытайлық тараптың инвесторларымен келіссөздер жүргізді. Аталмыш шараға делегация құрамын Қарашық ауылдық округінің әкімі Сәкен Оразбаев арнайы бастап барды.
Сапардың негізгі мақсаты өңірге шетелдік инвестицияларды тарту және өндіріске қажетті жаңа технологиялармен танысу, кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізу. Сонымен бірге, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу бағытында өрбіді.
Көрме аясында Қарашық ауылдық округінің кәсіпкерлері Қытай Халық Республикасының көптеген кәсіпкерлерімен кездесіп, ұсыныстар жасап, келіссөздер жүргізді. Шетелдік инвесторлар жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе отырып, өндіріс орындарын ашуға ниет танытып отыр. Алдағы уақытта инвесторлардың пәрменімен өндіріс орындары ашылады деп күтілуде.
Сол сияқты Орталық Азиядаға егемен елдердің арасындағы мемлекеттік байланыстар да жиілеп, түбі бір түркі тілдес халықтар арасында тығыз байланыс орнауда. Әсіресе аймақтағы екі қарқынды дамушы мемлекеттер Қазақстан мен Өзбекстан барлық жағынан өзара қарым-қатынасын ұлғайтуда. Екі ел бір-біріне инвестиция салып өндірген өнімдерін экспорттап, өндірістегі, ауыл шаруашылығындағы жетістіктерімен бөлісуде.
Ағымдағы жылдың 23-24 тамыз аралығында Өзбекстан Республикасында «Өзбекстан-Орталық Азия-Қытай экономикалық-мәдени форумы» өтті. Аталмыш форумға Сауран ауданының делегациялары, атап айтсақ, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Майдантал, Жүйнек ауылдық округ әкімдері арнайы барып қатысып қайтты. Өйткені, Түркістан облысының халық шаруашылығы көрші мемлекетпен көп жағынан ұқсас, жақындау болғандықтан облыстың әртүрлі саладағы делегациялары өзбек еліне жиі сапарлап барып, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларында тәжірибе алмасып, бір-бірінің жетістіктерінен үйренуді үрдіске айналдырған. Аталмыш форумға да түркістандықтар белсене қатысты.
Іс-сапардың негізгі мақсаты өңірге шетелдік инвестицияларды тарту және өндіріске қажетті жаңа технологиялармен танысу, кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізу. Сонымен бірге, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу болмақ. «Өзбекстан-Орталық Азия-Қытай экономикалық-мәдени форумы» тек өзбекстандық кәсіпкерлермен ғана емес орталықазиялық басқа мемлекеттердің, сол сияқты шығыстағы алып көршінің бизнесшілерімен де басқосып, экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Экономикалық-мәдени жиыннан түркістандықтар көп пайдалы тәжірибемен алмасып оралды.
Форум аясында ауылдық округ әкімдері Қытай Халық Республикасының көптеген кәсіпкерлерімен кездесіп, ұсыныстар жасап, келіссөздер жүргізді. Алдағы уақытта ауданда инвесторлар зауыт ашып, бірлесе жұмыс жасауға ниет білдіріп отыр. Таяу арада инвесторлардың айтқан ұсыныстары бойынша алдағы уақытта арнайы келіссөздер жүргізіліп, екі-жақты меморандумға отыратын болады. Сол меморандумдар негізінде Сауран ауданына да қытайлық инвесторлар инвестиция салып, ауданда аймақтың экономикасын дамытуға септік ететін кәсіпорындар ашылуынан үміт бар.