ОРДАБАСЫДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлері тұрақты түрде насихатталып, көптеген ұлттық спорттарымыз қайтадан жаңғырып, бүгінде халықаралық және дүниежүзілік деңгейге дейін көтеріліп келеді. Сол сияқты баланың, ересектің де ми қыртыстарының жақсы жұмыс жасап тез ойланып, жылдам шешім қабылдауға көмектесетін тоғызқұмалақ ойынымен бірге шахмат ойынына да көңіл бөлінуде.
Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мен насихаттау аясында және 9 қыркүйек «Тоғызқұмалақ» күніне орай Ордабасы ауданының жасөспірімдері арасында тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Бұл халқымыздың бірнеше мың жыл бұрын пайда болып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ұлттық спортының бірі болып саналады. Қазіргі кезде тоғызқұмалақ спорты ересектер ғана емес жас ұрпақтың арасында да кеңінен насихатталып, қызығушылық тапқан.
Жарыс аудандық «Мәдениет үйінде» өтті. Жасөспірімдерді отан сүйгіштікке, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттап, теріс әрекеттерге жол бермеу мақсатында өткен іс-шараға 100-ден аса оқушы қатысты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары мен медальдары табысталды.
Облыс орталығынан шалғай жатқан Созак ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Қазақстан шахмат федерациясының Түркістан облысы бойынша филиалының атқарушы директоры Асхат Майкотовты және Түркістан қаласының шахмат инструкторы Алима Пашанова мен халықаралық шахматшы Қуанышбек Джумадуллаевты қабылдап, жастардың зияткерлік әлеуетін көтеруге бағытталған «Шахмат керуені» жобасын ауданда өткізу ісін бірлесе талқылады.
Аудан басшысы шахмат ойыны жастар мен ересектердің ойлау логикасы мен жеңіске деген ерік-жігерді қалыптастыруға ықпал ететіндігін тілге тиек етті. Ауданда шахматты дамытуға қолдау көрсетілетінін айтып, шахматтан ашық біріншілік өткізуге ниетті екендігін жеткізді.
Айта кетейік, аудан орталығында орналасқан «Мыңжылқы» мәдениет үйінде өтетін шахмат додасына 100-ге тарта спортшы қатысып, ала тақта үстіндегі тартысты бәсекеде өзара сынға түспек. Жас ерекшелігінде шек жоқ. Шахматқа қызығатын кез келген азамат қатыса алады. Сайыс өтерден алдын халықаралық шахматшы Қуанышбек Джумадуллаев бір мезетте 30 азаматқа дейін тегін мастер класс пен жеке сеанстар өткізетін болады.
Алдағы уақытта сайыстың өтетін уақыты мен күні қосымша хабарланатын болады.