РЕФЕРЕНДУМДЫ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын Жолдауында «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын» деп ел тағдырындағы маңызды мәселенің мерзімін белгілеген болатын. Қазіргі кезде елімізде, Түркістан облысының аумағында да референдумға дайындық қызу жүруде.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының, Мақтаарал ауданының учаскелік референдум комиссиялары мүшелерін каскадты әдіс бойынша оқу семинарларын өткізу кестесіне сәйкес, Атакент кенті әкімі аппаратының акт залында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері» тақырыбында Мақтаарал ауданының 26 учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарға 200-ге жуық комиссия мүшелері қатысты.
Семинарда Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Калдарбекова семинарға қатысушыларға 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін түсіндірді. Сонымен қатар, республикалық референдумды өткізудің құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді түсіндіріп өтті.
Кездесуде Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов референдумды өткізу кезінде ақпараттандыру, байқау және үгіт мәселелері, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге тоқталып, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын түсіндіріп өтті.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов оқыту семинарды қорытындылай келе барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинарда қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауаптар алып, учаскелік референдум комиссияларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы бірыңғай заңнама бойынша тест тапсырды.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 6 қазанға Республикалық референдум өткізу тағайындалды. Осыған орай, Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы, Мақтаарал ауданының учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне каскадты әдіс бойынша оқу семинарларын өткізу кестесін бекітті.
Бекітілген кестеге сәйкес, аудандық Жастар ресурстық орталығының акт залында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері» тақырыбында Мақтаарал ауданының 36 учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарға 200-ден аса комиссия мүшелері қатысты.
Оқыту семинардың мақсаты: учаскелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздері мен республикалық референдумды әзірлеу және өткізу кезеңіндегі референдум процесінің ерекшеліктері туралы білім алу арқылы референдумды ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін арттыру.
Аталған семинарда Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Калдарбекова семинарға қатысушыларға 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін, референдумды өткізудің құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді айтып, сонымен қатар, дауыс беру күнгі атқарылатын жұмыстар, дауыс беруді байқауға қатысатын байқаушылардың құқықтары мен міндеттерін, оларды тіркеу, дауыс беру құқығы бар азаматтардың тізімімен жұмыс жүргізу, мүгедектігі бар азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау жөнінде арнайы түсіндіріп өтті.
Өз кезегінде Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ш.Сатыбалдиев референдум өтетін күні комиссия мүшелері дауыс беру процесінде қандай да бір кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол бермеуге және Қазақстан Республикасы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз етуді ескертіп, аудандағы сайлаушылардың референдумға қатысу белсенділігін арттыру бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуге шақырды.
Семинар соңында семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, учаскелік комиссиялар мүшелеріне референдумды әзірлеу және өткізу бойынша кәсіби деңгейлерін бақылау мақсатында тестілеу жүргізілді.