«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 22 КӨШЕ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

0
48

Мемлекет басшысының «Ауыл мен қаланың арасындағы айырмашылықты азайтып, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартып, қолайлы өмір сүру деңгейін де теңестыре түсу қажеттігі» туралы тапсырмасынан соң ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайына бұрынғыдан да жоғары мән берілуде. «Ауыл — ел бесігі» «Ауыл аманаты», «Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау» тағы басқа да бағдарламалар мен жобалар арқылы ауылды елдімекендердің инфрақұрылымдары жақсартылып, жұмыспен қамту және жеке кәсіптерін ашу деңгейі көтеріліп, ауыл азаматарының денсаулықтарын жақсарту шаралары да жүзеге асырылуда.

Түркістан облысында  жоғарыдағы бағдарламалар мен жобалардың арқасында жол жөнделіп, жаңа асфальт төселіп, ауызсу мен табиғи газ да ауыл тұрңындарына жеткізілуде.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында және басқа да қаржыландыру көздерінен бөлініп жатқан қаржылармен облыс бойынша 1100,3 шақырым жол жөнделіп жатыр. Жыл соңына дейін соның 546,6 шақырымы, яғни 149 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Оның ішінде Кентау қаласына қарасты 22 көше бар. Олардың жалпы ұзындығы 14.5 шақырымнан асады. Аталған жолдардың сапасын нығайту, бақылауды күшейту күн тәртібінде тұрған жайт.

Осыған орай Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ұлан Жамбылұлы Ұлттық сапа орталығының Түркістан облыстық филиалына арнайы барды. Мекеме басшысы Ғалымжан Утенбаевқа атқарылып жатқан құрылыс барысын баяндап, жол сапасын жақсарту бағытындағы бақылаулар назарда болатыны айтылды.