БИЫЛҒЫ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

0
51

Байтақ территориясының табиғаты әралуан болғандықтан Қазақстанда түрлі төтенше жағдайлар орын алып отырады. Ондай табиғи апаттар кейінгі жылдары экологиялық жағдайдың нашарлап, ауа райының құбылысының ритмінің бұзылуынан жиілеп әрі күтпеген мезгілдерде орын алуда.Сонымен қатар, елімізде су бассейндерінде қыста балық аулаушылар, жазда суға түсіп шомылушылар арасында да төтенше жағдайлар орын алып тұрады. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағындағы сондай барлық төтенше жағдайларға жыл бойы сақадай сай болу үшін дайындықтарын үзбестен, қырағылықпен, жауапкершілікпен жұмыс атқарып келеді. Көктем кетіп, жаз шыға жазғы шомылу маусымына дайындықпен келген департамент ұжымы, оны сапалы өткізуге, төтенше оқиғалардың алдын алуға, жол бермеуге тырысты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Асқар Төлешевтің төрағалығымен шомылу маусымын қорытындылау бойынша жиын өтті.
Жиын барысында коммуналдық жағажайлар ашып және азаматтарымыздың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша жасалынған рейтингіде Арыс қаласы ІІ-ші орын дипломмен марапатталды.
Жиында департамент басшысы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, судағы оқиғалардың туындауына ықпал ететін фактілерді, себептер мен жағдайларды көрсете отырып, халыққа су айдындарындағы мінез-құлықтың негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кең ауқымды профилактикалық жұмыстар нәтиже бергенін атап өтті.
Тұрғындарды суға шомылу маусымы аяқталғанмен, балық аулау және су айдындарындағы өзге де іс-шаралар кезінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.