БАСТЫ БАҒЫТ – СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ

0
52

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты қазақстандықтарға биылғы Жолдауында Суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру, яғни су үнемдеу технологиясын, әсіресе, ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану үшін бұл салаға да инвестиция тартуға болатындығы жөнінде айта келіп, соны жүзеге асыруға тапсырма берген болатын. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында суды үнемдеу үшін тамшылатып суғару әдісі сияқты озық технологиялар енгізіліп, су үнемдегіш құрал-жабдықтар шығаратын кәсіпорын да ашылуда.
Осы бағытта, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауыл округінде шаруалармен «Дала күні 2024» семинары ұйымдастырылып, оны аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл ашып, жүргізіп отырды.
Семинардың мақсаты ағын суды үнемдеу технологияларын ендіру және минералды, органикалық тыңайтқыштарды қолдану арқылы сапалы мол өнім алу жолдарын қарастыру және заманауи технологияларды қолдану.
Семинарға «Агрисаенс» компаниясының Орталық азия бойынша бизнес дамыту менеджері Н. Құлмұратов, «Алем агро» холдингінің Түркістан облысы бойынша өкілі А.Ниязбеков, (минералды тыңайтқыштар, сапалы тұқымдар), «Байдала» ЖШС сату бөлімінің басшысы Ж.Таймұратов, «Метцер Қазақстан» Оңтүстік аймақтық өкілі С.Сартаев, (тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері), «АэроТехно» компаниясының директоры Д.Бақытбек, (егістік алқаптарды дронмен өңдеу), «КазКиоти» ЖШС сату менеджері Р.Балпашев, «Тұрансу» ЖШҚ МКК жауапты маманы Д.Әбдішәкір қатысып, шаруалардың сұрақтарына жауап беріп, жаңа технологиялардың тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ал ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Бадам ауылындағы Индустриялды аймақта болып, іске асырылып жатқан жоба иелерімен жиын өткізді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа жасаған жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдайтындығын, мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән беретіндігін айтып,
жобалардың іске асырылуы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бәсекелестік ортаның қалыптасуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жеке инвестиция көлемінің артуына, аудан бюджетінің кіріс көзінің ұлғаюына, өнеркәсіп саласындағы өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінің артуына үлкен мүмкіндік беретіні айтылған.
Аудан басшысы осы орайда әкімдік тарапынан әкімшілік кедергілерінің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарының рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету бойынша сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Кәсіпорындар арасында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу керектігін және ирригациялық жүйелерді қоқыстан тазарту, көгалдандыру, интернет желісіне қосылу бойынша тиісті компаниялармен келісімшартқа тұру жұмыстарын ұйымдастыру, (16 мВт подстанция) ауданның меншігіне қабылдап алу мен басқа да жұмыстарды заң аясында қысқа мерзімде аяқтау сынды тапсырмалар берді.
Жиыннан соң аудан басшысы бірқатар кәсіпорындарды аралап, өзекті мәселелерімен танысты.