БАСҚОСУ КӘСІПКЕРЛІК ПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУҒА АРНАЛДЫ

0
101

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқынды болуы ондағы шағын және орта кәсіпкерліктің кең қанат жайып, кедергісіз жұмыс жасап, әділ бәсекелестіктің арқасында өнімді сапалы да мол өндіру арқылы табыстарға жетуімен де байланысты. Былайша айтқанда орташа тап елдегі кәсіпкерліктің елеулі пайызын құрайтын болса, ол мемлекетте даму қарқыны жоғары деңгейде болады. Түркістан облысында азаматтарға кәсіпкерлікті бастауға, оны жоспарлап, жүргізуге көмектесуден бастап, үнемі қолдау арқылы мол өнім өндіріп, кәсібін кеңейте түсуге де жәрдемдесіп келеді. Дегенмен де, кәсіпкерліктің тез қанат жайып көтерілуіне кейбір әділетсіз жағдайлар кедергі де келтіріп жатады. Мемлекеттік мекемелер тарапынан ондай келеңсіздіктерді болдырмау үшін тұрақты жұмыс жасалады.

Таяуда Кәсіпкерлікті дамыту бағытында, мемлекеттік бірқатар басым бағыттағы мемлекеттік қолдаулар мен бағдарламаларды түсіндіру мақсатында Жетісай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері Жаңа ауыл, Қарақай және Жылы су ауылдық округтерінде жергілікті кәспкерлермен, кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірушілер мен кәсібін енді бастағалы жүрген жеке тұлғалармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сол сияқтя, осы Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі тарапынан аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен қаржы институттары тарапынан көрсетілетін қолдаулар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бүгінде қаржы инсититуттары арқылы қаржыландыру жүйесі белсенді дамып келе жатқандығы түсіндірілді. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін жеңілдетілген несиелерге қаржыландыруға өтінім бере алатындығы сөз болды.

Кездесу барысында күзгі дала жұмыстарына дайындықтың барысы жөнінде де айтылып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға сала мамандары нақты жауаптар берді.

Мемлекет басшысы тапсырғандай инвесторлардың құқығын қорғау мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Созақ аудандық прокуратурасының бастамасымен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды ашып, жүргізіп отырды.

Басқосуға Созақ ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ержан Қожабеков, салаға жауапты бөлімдер мен мекеме басшылары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының өкілдері мен 2024-2027 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асырушы 20-ға жуық кәсіпорын өкілдері және кәсіпкерлерлер қатысты.

Жиын барысында Созақ ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Талғатұлы күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша хабарлама жасады «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасын таныстырып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Созақ ауданының прокуроры Ержан Базарбекұлы өз сөзінде инвестициялық жобаларды прокурорлармен сүйемелдеу тетігін жетілдіру қажеттігін айтып, осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.

Шараға жиналған кәсіпорын өкілдері іске асып жатқан жобаларын жеке-жеке таныстырып өтті. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұған дейін көрсетілген қолдауларды тілге тиек етіп, алғыстарын жеткізді.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Болатұлы алдағы уақытта да аудандағы инвестициялық жобаларды заң шеңберінде бірлесе атқаруға сенім білдірді.

2024 жылдың 8 айында Түркістан облысының тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 41 талдау жасалды. Жанар-жағармай материалдары, сұйытылған мұнай газ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, медициналық қызмет көрсету, электр энергиясын сату сынды салалар зерттелді.

Нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жалпы құны 2 млн. 769 мың теңгені құрайтын 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы өткен брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов мәлімдеді.

«Департамент тарапынан нарықты талдау, өтініштерді қарау қорытындысымен монополияға қарсы заңнаманы бұзу бойынша 9 хабарлама шығарылды. Сондай-ақ, облыс аумағында сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде құқық бұзушылықтар анықталды. Орын алған заңсыздық негізінде жауапты тұлғаларға 2 млн 212 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, қазіргі таңда салынған айыппұл толық көлемде өтелді» — деп баяндады спикер.

Басқосуда сондай-ақ, «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасының маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.