ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР САТЫП АЛЫНДЫ

0
60

«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» жобасын жүзеге асыру үшін Түркістан облысында жоспарлы түрде атқарылып жатқан жұмыстар нәтижелі. Өңірдің экономикалық қуаты арту үшін жергілікті өндірістерді, кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы саласын жаңа техника мен жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажет. Барлық салада инновациялық шешімдермен озық технологияларды енгізу керек. Осылайша белсенді жұмыс жасалғанда облыстың аумағында экономика қарқынды дамиды.

Ордабасы ауданы орталығындағы алаңда Бадам, Шұбарсу, Шұбар, Бөржар, Төрткүл, Жеңіс, Қараспан, Бөген, Қарақұм ауылдық округтерінің әкімдеріне салтанатты түрде жаңа техникалардың кілттері табысталды. Тіркемесі бар МТЗ 89.1 маркалы тракторларды сатып алуға жергілікті бюджеттен 65,5 млн. теңге қаралған.

Бұл жолғы сатып алынған жаңа техникалар әлеуметтік салаларды, инфрақұрылымдарды жақсарту бағытындағы техникалар болды. Ол техникалар алда келе жатқан қыс маусымында автокөлік жолдарын тазалауға көмекттеске көктемнен күзге дейінгі мезгілде тазалық бағытындағы жұмыстарды атқаруға пайдаланылады.

Шараға арнайы қатысқан аудан басшысы Азат Оралбаев жаңа техникалар елді мекендердегі санитарлық тазалық, қыс мезгілінде автомобиль жолдарын тазалау, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде мол септігін тигізетінін айтып, ауыл әкімдерінің жоғарыда аталған бағыттар бойынша нәтижелі жұмыс істейтіндеріне сенім білдірді.

Салтанатты шараға аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, ақсақалдар мен сала мамандары қатысты.

Айта кету керек, «Темірлан тазалық» мекемесінде санитарлық тазалық жұмыстарын және абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге арналған 26 арнайы техника мен 88 қызметкер бар. Олар 4 секторда жұмыс жүргізеді.