ОҚУШЫЛАР АЛДАҒЫ ТОҚСАНДЫ ЖАҢА МЕКТЕПТЕ ҚАРСЫ АЛАДЫ

0
48

Мемлекет басшысының бастамашылдығымен еліміздің біраз аймақтарында «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл жобамен салынған мектептер атауы айтып тұрғандай барлық жағыанан жайлы да білім алуға қолайлы, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, білікті ұстаздармен қамтылған мектептер болмақ. Одан өзге меилекеттік бюджеттер есебінен де мектептер салынуда. Оған қосамемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жеке инвесторлар да мектептер салуда. Білім саласын рефермалауға байланысты талаптарға сай ол мектептер де заманауи жабдықтармен, пәндік сыныптармен жабдықталып, барлық жайлы жағдайлар қарастырылған мектептер. Мұндағы басты мақсат ескірген және үшауысымдық мектептерді азайту мен мектепбі жоқ елдімекендерге жаңа мектептер салу болып табылады.
Арыс қаласы, Онтам елді мекені оқушылары биылғы оқу жылын зор қуанышпен қарсы алмақ. Жуық арада ауылда жеке инвестор есебінен 150 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бүгінде 140-қа жуық ауыл балалары Ақдала ауылындағы мектепке автобуспен қатынап оқып жүр. Енді жаңа әрі заман талабына сай жабдықталған мектепте білім алады.
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова жаңа мектеп ғимаратының құрылыс барысымен танысты. Мектеп соғуға атсалысқан инвестормен жүздесіп, сапалы білім беру – ел болашағының негізі, екенін баса айтты.
«Жеке кәсіпкердің қоғам игілігіне жасаған бұл үлесі ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және жас буынның білім алуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Жаңа мектептің соғылуы — ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық қана емес, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған үлкен мүмкіндік.» — деді шаһар басшысы.
Мектеп заманауи жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда кең әрі заманауи спорт және акт залы, пәндік кабинеттер, кітапханалар, жуыну бөлмелері мен ішкі әжетханалар қарастырылған. Қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмаған — бейнебақылау камералары орнатылып, сыртқы спорттық тренажерлер мен футбол алаңшасы да қарастырылған.
Ауыл тұрғындары мен оқушылардың қуанышына айналатын бұл мектеп білім сапасын арттырып қана қоймай, ауылдағы балалардың күнделікті өмірін жеңілдетпек. Бұл онтамдық оқушылардың уақытын үнемдеуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға үлкен септігін тигізбек.
Сондай-ақ, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар үй кезегі, тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу, денсаулық сақтау мәселелері, сондай-ақ басқа да әлеуметтік сұрақтар бойынша өтініштерін жеткізді.
Әкім әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, тиісті бөлімдерге тапсырмалар беріп, проблемаларды шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестіктің арқасында Сауран ауданындағы Иассы ауылдық округінде Ескі Дихан елді мекенінде де «Торонто» бастауыш мектебі ашылды. Қазіргі кезде мұнда Шобанақ, Қошқорған, Оранғай ауылдарынан 275 оқушы білім нәрімен сусындауда. Құрылтайшысы -Элмурат Имамалиев. Ол Канаданың астанасы «Торонто» университетінің түлегі. Мұндағы оқушылар қазақша, орысша, ағылшын тілдерін меңгереді. Мектепте шахмат, домбыра, робототехника, ментальдық арифметика, логопед, айти сыныбы, көркем жазу үйірмелері бар.
Мектеп директоры Гүлмира Имамалиеваның айтуынша, таяу болашақта Түркістаннан да «Торонто» мектебін ашу ойларында бар екен.