КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІ ШЕТЕЛДЕ КӘСІБИ БАҒЫТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

0
75

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында білім беру саласына ерекше тоқталып оқушылардың сапалы білім алуы үшін қажетті заманауи жайлы мектептер салу, оларды ең озық білім беру құрал-жабдықтарымен, озық әдістермен қамтамасыз ету қажеттігін айта келіп «Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал.
Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет» деген еді.
Түркістан облысында білім беру саласына, оның ішінде педагогтердің сапасына, яғни біліктіліктерін жетілдіріп, арнайы тәжіриибелерден өтіп, тәжірибе жинақтауына мүмкіндігінше жағдай жасалынуда. Өңірдегі колледж педагогтері мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындар мен техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Әріптестерді Түркістан облысының басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлы бастап барып, өндірістік практиканың басым бағыттарымен танысты.
Бұл сапардың негізгі мақсаты — тағылымдамадан өту және халықаралық келісім жасау. Алғашқы жұмыс күні халықаралық «PLAN B GGMBH & KOMPETENZZENTRUM DER EBG GGMBH IN BERLIN» сертификаттау орталығының директоры Tomas Zimmerman, Frankfurt қаласында тәжірибе алмасу бағытында әлемде 148 елде сертификаттау бойынша жасап жатқан жұмыстары туралы таныстырып, семинар өткізді.
Семинардың екінші жартысында «Mercedes» маркалы көліктерді шығаратын тарихы 1900 жылдан бастау алған күніне 475 жүк көлігін жинайтын зауытқа барды. Аталған компания автокөліктерден басқа, кеме және ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды жасаумен айналысады. 1909 жылы пайда болған үш сәулелі белгі — компанияның суда, құрлықта, ауада жеткен жетісіктерінің символы ретінде танылған.
Германияның колледж студенттері дуальды оқу жүйесімен 80 пайыз практика, 20 пайыз теориялық тұрғыда білім алуда.
Бүгінгі таңда әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Өйткені, экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда.
Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын шешудің бірден-бір тиімді жолы екені анық.