ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Дүниежүзіндегі даму қарқынының жылдамдығын электр қуатының жетімсіздігі тежеу қаупі туындай бастады. Қазақстан Республикасында да қазіргі күннің өзінде электр қуатының жетіспеушілігі байқала бастады. Ал қазіргі замандық дамуда барлығы да электроника мен цифрлық технологиялардың айта бағдарламалары мен жасанды интеллекттің арқасында жүзеге асырылып жатқандықтан энергия қуаты көп пайдаланылуда, оны пайдалану таяу жылдарда еселене түспек. Бұл республикамызда да энергетикалық дағдарысқа әкеліп соқтыруы ықтимал. Сондықтан де еліміздің басшылығы таяу болашақта сенімді де жеткілікті энергетикалық өндірісті жетілдіру жолдарын қарастыруда. Оның бір жолы әлемнің бірқатар мемлекеттерінде пайдылынылуы жолға қойылған Атом электр станциясын салу жолы болып тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы бірнеше жыл бұрын айта бастаған. Былтырдан бері Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу-салмау мәселесі халықтық талқылауға түсті. Бүкілхалықтық талқылау өткен соң таяудағы қазастандықтарға Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Атом электр станциясын салуды жалпыұлттық референдумға шығаратынын жариялап күнін белгіледі. Соған байланысты қазіргі кезде ел аумағында референду өткізуді әзірлеу мен дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.
6 қазан – бүкіл Қазақстан бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Түркістан облысына іссапармен келіп, Оқушылар сарайындағы референдум учаскесінің жұмысымен танысты.
Одан бөлек, іссапар барысында Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала елі» орталығында «Республикалық референдумды дайындау мен өткізу мәселелері» тақырыбында кеңес өткізіп, референдумға дайындық жөнінде тиісті мемлекеттік органдардың басшыларының есебін тындады. Кеңесте Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов модераторлық етті.
Жиын барысында Түркістан облысы бойынша Аймақтық референдум комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев өңірдегі дайындық жұмыстары туралы баяндады.
– Бүгінде референдум учаскелері референдум өткізуге дайын. Учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Сайлаушыларға шақыру билеттері, есептен шығару талондары әзірленген. Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне ыңғайлы болу үшін арнайы кабиналар жабдықталып, кабиналары жаңартылды, сайлаушыларды хабардар ету мақсатындағы қағаздар, республикалық референдум заңы жазылған парақтар, сайлау бойынша ережелер жазылған парақшалар таратылуда, – деді Аңсар Өсербаев.
Атап өтейік, республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 351 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 90 пайызы түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сондай-ақ, облыста жалпы 945 сайлау учаскесі бар. Бүгінгі таңда өңірдегі барлық аудан, қалаларда «сенім телефондары», облыста «109-бірыңғай» call-орталық жұмыс істеуде. Облыс әкімдігінің ресми интернет ресурстарында «Өз референдум учаскеңізді табыңыз» онлайн сервисі іске қосылды. Республикалық референдум қарсаңында референдум комиссиялары толық оқытылды.