ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

0
71

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің биылғы қазақстандықтарға арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын Жолдауында «Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқарады.

Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс. Депутаттар да ортақ істен шет қалмайды деп ойлаймын. Үкімет жайлы мектептерді арнайы басқару жүйесін енгізуді ойластыруы керек» деп орта білім беру саласының маңыздылығын атап көрсетті.

Түркістан облысында жас ұрпақтың жайлы да заманауи жабдықталған мектептерде білім алуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар арқылы бөлінген, бюджеттік қаржыларды және инвестиция тарту арқылы түскен қаржыны пайдалана отырып, бүкіл облыс аумағында ескі, үш ауысымды мектептер санын мүлде қысқартьып, болашақты жоюды жүзеге асыруда. Облыста білім саласына жеке кәсіпкерлердің инвестиция салуына қолайлы жағдай жасалған. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жеке инвесторлар тарапынан салынып жатқан мектептердің саны артып келеді. Бұл облыс аумағындағы стандарттарға сай, заман талабына жауап бере алатын білім ордаларының көптеп салынуы үшауысымдық, ескірген мектептердің орнына жаңа мектептерджің пайдалануға берілуі арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектеседі.

Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан ауылында типтік үлгідегі жаңа «Болашақ ұрпақ» мектебінің ашылу салтанаты өтті. Білім ордасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейітқұл, мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, Түркістан облыстық және аудандық мәслихат депутаттары және ел ағалары арнайы қатысып, тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады.

«Болашақ ұрпақ» мектебінде оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай қарастырылған. 242 орындық білім ұясында заман талабына сай жабдықталған пән кабинеттері, асхана, спорт зал, кітапхана бар. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін ғимарат бейнебақылау камераларымен толық қамтылған. Сонымен қатар оқушылардың үйі мен мектеп арасында қатынауының ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  мектептен 4 бағытта 4 автобус қатынайтындығы да оң ықпал етеді.