ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫТЫЛЫП, ТЕХНИКАЛАР ЖАҢАРТЫЛУДА
«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын жүзеге асыруда бірінші кезекте ауылды жерлердегі инфрақұрылымдарды сапалы етіп салу, жаңарту маңызды. Сол сияқты ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартып отыру да маңызды. Өйткені өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқын қосуда инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы техникаларын жоспарға сай жаңалау, сапсларын арттыру ауадай қажет. Инфрақұрылымы мықты, ауыл шаруашылығы техникалары жаңа да сапалы болса ол өңірдің қуаттылығы арта түспек.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Шардара ауданына жұмыс сапарымен келіп, аймақтың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған нысандардың құрылысымен танысты.
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев аудандағы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, күн тәртібіндегі түйткілдерді саралады.
З.Жолдасов Шардара су қоймасының құрылысын қарап, жұмысымен танысты. Сондай-ақ, қаладағы 4- шағын аудандағы саябақ, емханаға баратын жаңа жол және өзге де абаттандыру нысандарын аралады. Сонымен қатар, Шардара қаласының басты мәселесіне айналған ауыз су бас су торабына барып, түйіткілдің шешу жолдарын талқылады.
Осы ретте жауапты мамандарға мәселені шешу жолдарын жан-жақты анықтауды тапсырып, облыс деңгейінде сараланатынын жеткізді.
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (Концепция) сәйкес, ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі негізгі индикаторлық көрсеткіш саналатын ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау тапсырмасы бойынша 2024 жылға 133 бірлік техника сатып алу көзделсе меже 1,5 есегеге артық орындалды. Яғни, 206 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жаңадан сатып алынды. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңадан сатып алу есебінен агроөнеркәсіптік кешен саласының негізгі капиталына 3,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған.
Қазіргі таңда ауданда жалпы ауыл шаруашылығы техникасы, яғни машина-техника паркі 35 пайызға жаңартылды.
Аталған көрсеткіш бойынша өткен 2023 жылдың қорытындысымен облыстық «Алтын күз-2023» мерекесінде Шардара ауданы «Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау» номинациясы бойынша үздік аудан атанған.
Жалпы ауданда 1589 дана доңғалықты Ауыл шаруашылығы техникалары бар. Оның 127 данасы шынжыр табанды, 35 данасы астық ору комбайндары және 152 данасы әр түрлі маркадағы мақта теру комбайндары.