АУДАН ӘКІМІ БІРНЕШЕ НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы бірқатар нысанмен танысты.Тарқатып айтсақ, ең алдымен Өтеғұл елді мекеніндегі асфальт төселген көшелерді қарап, мамандармен алдағы уақытта жөндеуді талап ететін жолдардың жай-күйін талқылады. Жүргізіліп жатқан және алдағы уақытта жүрізілетін жолдарды жөндеу жұмыстарын сапалы атқару басты талаптардың бірі болмақ.
Сондай-ақ, Шардара қаласында жеке кәсіпкерлік, шағын және орта юбизнеспен айналысушылар қатары да көбейіп келеді. Жеке кәсібін бастауға ниет білдіргендерге мемлекет тарапынан бірқатар қолдаулар мен жеңілдетілген жәрдемдер жасалынады. Ал кәсібін жүргізіп жатқандардың арасынан шаруашылығын кеңейтіп, өнім көлемін ұлғайтамын, тауарлылығын арттырамын деушілер болса оларға да қолдаулар жасалынады.
Аудан әкімі сол сияқты қалада Наурызбай шаруа қожалығының басшысы Сабиров Мұхтардың жаңадан салып жатқан күріш цехымен танысты. Кәсіпорынға тартылған инвестиция көлемі 500 миллион теңгені құрайды. Кәсіпкер жылына 5 мың тоннаға жуық ақталған күріш өндіріп, ел аумағы мен ТМД елдеріне экспорттауға ниетті. Ал кәсіпорын құрылысын қазан айының соңында дейін аяқтау жоспарланған. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын қарап, атқарып жатқан жұмыстарға оң баға берді.
Сонымен қатар №4 шағынаудандағы жаңадан салынып жатқан саябақтың жұмысымен танысып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар жүктеді.
Ауданда жұмыспен қамту мәселесіне де көңіл бөлініп, жыл бойы бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізіліп, шардаралықтарға түрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады. Қазан айының тоғызыншы жұлдызы күні Шардара аудандық Мансап орталығы ғимаратында кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Іс шараға 17 мекеме 78 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 96 адам қатысып, нәтижесінде 58 адам жұмысқа жолданды. Оның ішінде «Ұлттық жоба» шеңберінде жастар практикасы бойынша білім беру ұйымдарына 3 адам, қызмет көрсету саласына — 1 адам, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына — 51, құрылыс саласына -1 адам, ауыл шаруашылық саласына -1адам және мүгедектігі бар 1 азамат жұмыспен қамтылды.