ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысының қала, аудандарында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарын орындау және «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын іске асыру мақсатында өңірлерде тұрғындармен жыл бойы жоспарлы кестелеріне сәйкес кездесулер, жеке қабылдаулар және басқа да тұрғындармен байланысып, қарым-қатынас жасау шараларын өткізіп отырады.
Бекітілген кестеде көрсетілгендей, Төлеби ауданы әкімінің халықпен кезекті кездесуі Кемеқалған ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесуде аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев 2024 жылдың 8 айындағы ауданның әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерін хабарлады.
Округ халқы көтерген өзекті мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын қарастырылды.
Кездесуде атқарылған жұмыстар ғана емес, кемшіліктер, алдағы жоспарлар да айтылды.
Ауданның инфрақұрылымын жақсарту, елдің әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жүзеге асуда. Кемеқалған ауылдық округінде құны 1 млрд 123 млн теңге болатын жер көлемі 13 гектарды құрайтын сыйымдылығы 1 040 мың м3 құрайтын «Қарақуыс» су қоймасы салынуда. Нысан 2025 жылға ауыспалы. Ақбастау елді мекені Төртшал көшесінің 1,6 шақырым жолы орта жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Төртшал және Талдыбастау көшесіне электр желісін жүргізу және трансформатор орнату жұмыстары жүргізілуде. Ақбастау елді мекенінің кіре берісіне және Абай елді мекендерінің орталығына бейне бақылау орнатылды. Қаратөбе елді мекені Қазығұрт, Қаратөбе, Ынталы, Руханият, Сұңқар және Ақбура көшелеріне трансформатор орнатылып, электр желілері жаңартылды.
Жиында тұрғындардың көкейдегі сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстары назарға алынды. Сұрақ жауап форматындағы кездесуде округ халқы түнгі жарық, ауыз су, электр бағаналарын ауыстыру, балалар ойын алаңшасын орнату, жол, тұрғын үй құрылысы үшін жер бөлу, су ағар қою, елді мекеннің санитарлық тазалығы, ауыл халқын кәсіпкерлікке баулу, елді мекен шекарасын бекіту, бұлақ басын каптаждау бағытындағы мәселелерді көтерді. Аталған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
Кездесуден соң аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дауылбайұлы азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатар бөлім басшыларына мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар жүктей отырып, заңдылыққа сәйкес жауап берді.
Төлеби ауданы әкімінің кезекті кездесуі Киелітас ауылдық округінде өтті. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыты мен 2024 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарларды таныстырды.
Киелітас ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек: Киелітас елді мекенінде 146 орындықты мәдениет үйінің құрылысы басталды. Нысан 2025 жылға ауыспалы. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» жобасы негізінде Достық елді мекеніндегі 900 орындық мектебінің құрылысы жүргізілуде, келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сұлтан Рабат елді мекені Қарауылтөбе, Ескі қорған және Жалын көшелеріне, Ақайдар елді мекені Мерей көшесіне электр желісі жүргізіліп, трансформатор орнатылды. Сұлтан Рабат жалпы орта мектебінің алдына және Райхан аялдамасына Сергек сергек камераларын орнатылды. Жыланбұзған каналының 2,8 шақырымы, Қызыл терек каналының 2,4 шақырымы, Қыр каналының 5 шақырымы механикалық тазалаудан өтті. Сұлтан Рабат елді мекеніне спорт алаңшасы пайдалануға берілді.
Еркін форматтағы кездесудің басым бөлігі сұрақ – жауапқа арналып, кездесу барысында тұрғындар мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын сала басшыларымен бірге талқылады.
«Жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті – халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу. Сіздер көтеріп отырған мәселелерді шешу бағытында жұмыс жоспары түзіліп, тиісті сала мамандарымен бірлесе отырып, қызмет атқарамыз. Оның орындалуы — біздің бақылауымызда» деді аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дауылбайұлы.
Кездесу барысында айтылған барлық мәселелер қаржылық жағдайға байланысты кезеңімен шешімін табады. «Бұл ретте билік пен халықтың өзара сенімі, ортақ түсінігі бәрінен маңызды. Біз бір-бірімізді қолдай білсек, айтарлық нәтижеге қол жеткізе аламыз», деді қорытынды сөзінде аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дауылбайұлы.