САРЫАҒАШТЫҚ БОЙЖЕТКЕНДЕР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Мемлекет басшысы әр жолдауында қазақстандықтардың денсаулығын нығайту, жас ұрпақтың шынығып өсуін қамтамасыз ету үшін елімізде бұқаралық спортты дамытуға күш салу қажеттігін айтып келеді. Сол сияқты балалардың жастайынан спортқа бейімдігі мен ынтасын тудыру үшін тұрғын үйлер маңынан балалардың ойын және шағын спорттық алаңшаларын, спорттың әр түрінен секциялардың жұмысын, балалар мен жасөспірімдер мектептерінің жұмысын жандандыру қажеттігін айтып келеді.
Сол бұқаралық спортқа бала күнінен бастап қызығып қатыса бастаған балалардың арасынан ертеңгі күні Қазақстанның спорттағы намысын қорғайтынтын жастар шығады. Түркістан облысында осы бағыттағы жұмыстардың арқасында облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жүлде салып жүрген жастарымыз көп.
Таяуда Ақтау қаласында дзюдо күресінен 11-13 қазан аралығында ерлер мен әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтік ұпай беретін Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогынде 52-кг салмақ дәрежесінде Нұрбала Зайнул қола жүлдегер атанды.
Қажетті рейтингтік ұпайларға қол жеткізсе бұрымды бойжеткеніміз әлемдік Grand Slam , Grand Prix турнирлерінде күресуге мүмкіндік алады. Бапкері Олжабай Бейсенбаев.
Сонымен қатар, 7-13 қазан аралығында Астана қаласында жастар және жасөспірімдер арасында өткен Грэпплинг күресінен әлем чемпионатында Сымбат Ибрахим 43 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жаттықтырушысы Серік Мақұл.
Сарыағаштық бұрымдылар ауданға қарасты Қажымұқан атындағы балар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері. Аталған мектептің грэпплинг бөлімі Азия чемпионатының 2 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдегерін сонымен қатар, ҚР чемпионатының 3 алтын , 3 күміс, 6 қола жүлдегерлері мен үздіктерді тәрбиелеген.