ӨҢІРЛЕРДЕ «ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу ұсынылған болатын.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы Арыс қалалық бөлімінің ғимаратында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) Түркістан облысы бойынша департаменті мен Агенттіктің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша жылжымайтын мүлік-жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікке объектінің паспорты, кадастр, Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы-жер учаскесін рәсімдеуге, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және салуға байланысты қызметтер және тағыда басқа мәселелер бойынша қызмет алушылар күні өтті. Іс шара мемлекеттік қызмет алушыларға көмек және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Іс шара барысында қызмет алушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарына жауаптарын алды.
іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу ұсынылған болатын.
Созақ ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында, «Жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікке обьектінің паспорты, кадастр» т.б. мемлекеттік қолдау тақырыптарына арналған «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.Іс-шара барысында қызмет алушыларға мемлекеттік қолдау беру шаралары түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңестер берілді.
Бәйдібек аудандық «Құрылыс сәулет және қала құрылысы» бөлімінің жайында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарына» сәйкес «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға аудандық «Құрылыс сәулет және қала құрылысы» бөлімінің мамандары қатысты. Іс-шара барысында сәулет және қала құрылысы саласындағы жер учаскесін рәсімдеуге, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және мекен жай анықтамасын алуға қатысты» т.б. қызметтер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына тиісті сала мамандары заң талаптарына сәйкес жауаптарын берді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары бойынша «Жылжымайтын мүлік – жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікке объектінің паспорты, кадастар және т.б» тақырыптарында Сарыағашта да «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Халықтық кеңсе ғимаратында өткен іс шара барысында ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің және аудандық тіркеу және жер кадарстрі бөлімі қызметкерлері тарапынан түсіндіру шараларымен 11 қызмет алушы тұрғындар қамтылып, қызметті алу барысында туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Түлкібас ауданында «Қызмет алушылар күні» өткізілді.
Аудан әкімдігінің халықтық кеңсесінде өткен қабылдау барысында оннан аса тұрғынға жылжымайтын мүлік құжаттарын заңдастыру, паспортың дайындау, кадастр және т.б қызметтер бойынша қызмет көрсетіліп, кеңес берілді.
Жобаның нәтижесі халықтың нысаналы топтарын түсіндіру іс-шараларымен қамтуға және оның барысында көрсетілетін қызметті алушылардың проблемалық мәселелері мен оларды шешуге мүмкіндіктер береді.
Аталған іс-шаралар әртүрлі тақырыптық салалар бойынша ай сайын жалғасын табатын болады.