МАҚСАТ — ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰРАМНЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

Мемлекет басшысы білім саласын реформалауда білім ғимараттарын жайлы етіп салуғ заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау, басқа да оқыту процесіне қажетті талаптардың бәрін орындағанмен жас ұрпақтың білімді де білікті болып шығуы педагогтардың сапасына тікелей байланысты екенін биылғы Жолдауында атап көрсетті. Түркістан облысында мұғалімдердің білімі мен тәжірибесін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өткен жылдың қараша айындағы білім беру ұйымдарының қызметін кешенді талдау және бағалау қорытындысы бойынша Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара аудандарының, сондай-ақ Арыс және Түркістан қалаларының мектептерінде бұзушылықтарды жою және білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Түркістан облысында жүргізілген кешенді мониторинг сегіз негізгі критерийді қамтыды, оның ішінде білім ұйымдарының кадрлық құрамы да бар. Қазіргі уақытта «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы халықаралық сарапшыларды тарта отырып, өңірлерден 767 басшының біліктілігін арттыру және басқару құзыреттерін дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.
«Бұл шара білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді және білім беру процесінің сапасын жоғарылатуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 1000-нан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны жаңарту мен қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Сапалы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін міндетті нормативтік тізбе тиісті сәйкестікке келтірілді», — деді Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің бас сарапшысы Эльмира Кадимова.
Сонымен қатар, педагогикалық құрамның сапасын арттыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен ынтымақтастық орнатылды. Комитет өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар оқушылардың академиялық көрсеткіштерін арттыруға, білім ұйымдарындағы жалпы ахуалдың жақсаруына және мектеп, ата-ана мен қоғам арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.
Сондай-ақ, балалардың білімді де білікті болуына ықпал ету мақсатында олардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. «Ақылдыммен ақылдымын» аттыТүлкібас аудандық балалар байқауы
2024 жылдың 14 қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Ақылдыммен ақылдымын» атты аудандық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты оқырман балаларды кітаппен, балаларға арналған баспасөзбен таныстыра отырып, бала қиялының шарықтауына, өзара диалог құру кезінде сөздік қорының молаюына қолдау көрсету, ойын еркін жеткізіп, көркемдеп жазу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Байқауға қатысушылар «Адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық» тақырыбында эссе жазу, «Мен таңдаған тақырып» қабырға газетін шығару, «Таным, талғам, тапқырлық» сүйікті шығармасын немесе өлеңін сахналау бойынша сынға түсті.
Байқауға «Қызмет» ЖШС газеті және балаларға арналған республикалық «Ақылдым» журналының редакторы Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының “Балалар әдебиеті” бөлімінің меңгерушісі Тәженова Дана Қыдырбекқызы, аудандық мәдениет үйінің жастар бөлімінің меңгерушісі Абдугапбарова Шолпан Жұмабайқызы төрелік жасады.
Байқау нәтижесінде Жабағылы модельді кітапханасының оқырманы Ғабитқызы Ақсезім өз өнерін жоғары дәрежеде көрсетіп, бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдаманы ұтып алды.
Керейт ауылдық кітапханасының оқырманы Айдаралы Ернұр жүлделі І орынды, Кемербастау ауылдық кітапханасының оқырманы Қодарбек Нүрбибі және Машат ауылдық кітапханасының оқырманы Сатылған Нұрай ІІ орынды, Келтемашат ауылдық кітапханасының оқырманы Мұхтарбек Аяла, Мыңбай ауылдық кітапханасының оқырманы Рысбек Кәусар және Састөбе кенті кітапханасының оқырманы Серік Қарақат ІІІ орынды жеңіп алды.
Байқауға қатысқан барлық үміткерлер диплом, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.