БАЛАНЫ ҚОРҒАУ МЕН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ӨТТІ

0
60

Ел Президенті Биылғы Жолдауында «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың отырысында айттым. Елдің болашағына кесірін тигізетін бес кеселге тоқталдым. Содан бері біршама жұмыс атқарылды. Вандализмге, лудоманияға тосқауыл қоятын заңдар қабылданды. Вейпке, яғни электронды темекіге тыйым салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесі қазірдің өзінде көрініп жатыр. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет» деп келеңсіздіктермен тек жауапты органдар ғана емес бүкіл қоғам болып күресу керектігін айтты.
Түлкібас ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 15 қазан күні Түлкібас ауданы білім бөлімінің әдіскері М.Кулмаганбетова, Түлкібас ауданы пркуратурасының прокурорлары Қ.Медетов және Р.Ермаханов, Түлкібас АПБ ЖПҚ КТІЖ аға УПИ полиция майоры Н.Сыдыковтың қатысуымен Абай атындағы мектеп-лицейі, М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы және «Жанкент» жалпы білім беретін мектептері базасында ата-ана және білім алушылармен «Білім алушыларды оқыс жағдайлардан сақтау, зорлық-зомбылық, құмар ойындарынан және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмысы өткізілді.
Бұл ақпараттық семинардың мақсаты ата-аналарға жүйелі жұмыс тәсілдерін жасау және балаларды оқыс жағдайлардан сақтау,зорлық-зомбылық, аутодеструктивті мінез-кұлықтың алдын алу аясында бағыт бағдар беру болды. Аталмыш мәселелер бойынша ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізіп, баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, баланы тек тыңдау ғана емес, айтқандарын есту, олардың әлеуметтік желілерін бақылауға алу, интернетті пайдалану уақытын шектеу туралы ақпараттар ұсынылды. Іс-шараның қорытынды кезеңінде ата-аналар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, заң аясында толыққанды жауап берілді. Сонымен қатар, жиынға қатысушы ата-аналар мен мектеп оқушыларынан кері байланыс алынды.
Сондай-ақ, Түлкібас ауданында Республика күніне орай жасөспірімдерді отаншылдыққа тәрбиелеуге арналған іс-шара да өткізілді. Ауданда «Жаса, Жаса Қазақстаным» атты патриоттық ән байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты — жас ұрпақты патриоттық рухқа, ұлттық сана-сезімге, азаматтық борышқа тәрбиелеу, патриоттық ән мәдениетінің үздік үлгілерін сақтау және
дамыту, дарынды орындаушыларды іздеу және қолдау, орындаушылық
шеберліктерін арттыру, ән мұрасымен таныстыру, көркемөнерпаздар
шығармашылығын дамыту.
Байқауға білім беру ұйымдарынан 10-13 жас, 14-17 жас аралығындағы өнерлі балалар қатысты. Байқауды өткізудегі негізгі міндеттер — балалардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың шеберлігін арттыру, дарынды окушыларды қолдау, оқушылардың шығармашылығын дамыту, жас таланттардың патриоттық сезімін ояту, ұлттық мәдениетті, халық дәстүрлерін құрметтеуге баулу.
Байқаудың қорытындысы бойынша 10-13 жас аралығында өнер көрсеткен И.Рыбалко атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы Тәңірберген Ерасыл,
14-17 жас аралығында Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Қалыбек Бақыт үздік шықты. Олар енді облыстық байқауда өнер көрсететін болады.