КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЫНША БАСҚОСУЛАР ӨТТІ

0
58

Мемлекет басшысының Жолдауында әрдайым ана мен баланың қауіпсіздігі балаларды қорғау мен қолдау, жасөспірімдердің қылмыстық жолға түсіп, бұзақылық жауының алдын алу, кәмелет жасына толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен оларға қарсы жасалуы мүмкін қылмыстардың алдын алу бойынша арнаулы органдар мен ұйымдар бірлесіп көптеген шаралар ұйымдастырып келеді. Ондағы мақсат – жас ұрпақтың теріс жолға түсуінің алдын алу, оларға қарсы жасалуы мүмкін зорлық пен түрлі қылмыстарға жол бермеу болып табылады.
Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшыларымен арнайы мәжіліс өтті. Оған құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары қатысты. Мәжілісті Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова төрағалық жасап, жүргізіп отырды. Маңызды жиынның күн тәртібінде кәмелет жасына толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың профилактикасы жөнінде мәселе талқыланды.
Бірінші Кентау қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасры полиция подполковнигі Абдрахман Тоқбергенов жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың профилактикасы бойынша баяндама жасады.
Түркістан облысы ПД нұсқамасына сәйкес 3 рет «Жасөспірім» 2 рет «Абайлаңыз балалар» және «жасөспірім және құқық» іс шаралары өткізіліп, мүдделі орган өкілдері қатыстырылды. Іс-шаралар барысында, Кентау қаласы ПБ қызметкерлерімен, күнделікті кәмелетке толмағандар қылмысының алдын-алу профилактикасы барысында күндізгі және түнгі мезгілдерде көшелер мен ойын сауық орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейд барысында түнгі мезгілдерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген -274 жасөспірін, ойын-сауық орнында болған 8 жасөспірім, Ұсақ бұзақылық жасаған 7 жасөспірім анықталған. Ата-аналық міндетін тиісінше орындамайтын 14 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарының алдын алу бойынша оқу орындарында 246 рет кездесулер өткізіліп, құқықтық тақырыпта түсініктер берілген.
Кентау қалалық білім бөлімінің бас маманы Едіге Әпиев жалпы бөлімге қарасты білім беретін мектептердегі кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстардың және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Жиын соңында мәжіліске қатысушылардың ұсыныстары мен ескертпелері хаттамаға енгізілді.
Сол сияқты Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудандық полиция бөлімі, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтары қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, Келес ауданының білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде ауданда спорт үйірме мектептеріне қатысатын оқушылардың жарыстарға бару, қайтуы уақытындағы оқушының қауіпсіздігі мен оқу процесіне әсері, сәтсіз отбасыларында тәрбиеленетін оқушыларды анықтау және олардың біліммен қамтылуын қамтамасыз ету және аудандағы білім ошақтарындағы оқушылардың тәртібі, сабақ үлгерімі мәселелері талқыланды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудандық білім бөлімінің бас маманы, мектеп директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарлары және аудандық полиция бөліміндегі ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы баяндады. Сонымен қатар, отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Мәжіліс соңында аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев комиссия мүшелерінің қозғалған мәселелер жайлы ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алда атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.