ҰЛТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ

Қазақстан Республикасында қазақ ұлтымен бірге жүзден астам түрлі этностар өкілдері өмір сүреді. Сол сияқты республикамызда ондаған діни конфессиялар мен олардың тармақтарын ұстанатын азаматтар бар. Осындай жағдайда мемлекет үшін ұоғамдағы қауіпсіздіктің, түсіністік пен ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастағы татулықтың маңызы зор. Мемлекеттің ішкі жағдайы тыныштық пен ынтымақтастықта болса ғана әлеуметтік-экономикалық даму қарқынды жүзеге асып, қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болмақ. Егемендікті жариялағаннан кейінгі алғашы жылдарда-ақ мемлекет басшылығы көпэтносты, көп конфессиялы елімізде тұрақтылықты сақтау шараларына ерекше мән берді. Соның арқасында қазақстандықтарды біріктіретін, өзара түсіністікте өмір сүруге әкелетін мерекелер бекітілді. Солардың қатарында ұлтаралық және конфессияаралық татулықты дәріптейтін «Рухани келісімі» күні мерекесі де бар.
Түркістан облысы бойынша аталып өтіп жатқан «18 қазан – Рухани келісім» күні мерекесіне орай Сарыағаш ауданы аумағындағы діни конфессиялар жетекшілері және өкілдері бас қосып, конфессия аралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін кеңінен талқыланды. Дін өкілдерімен жүздескен аудан әкімі Арман Абдуллаев дін өкілдерін айтулы күнімен құттықтады.
— Сіздерді «18 қазан – Рухани келісім» күнімен құттықтаймын! Бұл қоғамдағы тұрақтылық пен келісім үшін ұлт пен дінге қарамастан бәрімізді біріктіретін күн. 1992 жылы рухани келісім конгресінің соңғы отырысында 18 қазан Рухани келісім күні деп бекітіліп, Қазақстан және бірқатар басқа елдерде де мерекеленіп келеді. Ұлтына, дініне, жынысы мен нәсіліне, жасы мен нанымына қарамастан, біздің қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бәрімізді біріктіретін бұл бірлік пен келісім мерекесі. Кез келген мемлекеттің табысты дамуының негізіне дәл бейбітшілік пен келісім жатады.Осындай айтулы мерекеде баршаңызға ашық аспан, келісім мен тұрақтылық, мықты денсаулық, жақсылық, табыс тілеймін және жақындарыңызға өзара құрмет, қамқорлық және игі істер әрқашан біздің ортақ үйіміз-Қазақстан Республикасында бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесіміз болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!- деп Арман Абдуллаев жылы лебізін білдірді.
Жиын соңында діни конфессиялар жетекшілері аудан әкімінің алғыс хаттарымен және арнайы сый-сияпаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, Сарыағаш ауданында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық дамуды қарқындату бойынша жұмыс жүргізіліп келеді.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен ауданға қарасты елді мекендерді ауыз су, газбен қамтамасыз ету мақсатында меморандум негізінде түзіліп жатқан жобалар бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі, ауданның жер бөлімі және қала және ауылдық округ әкім аппаратының салаға жауапты мамандары қатысты.
Жиын барысында ауданға қарасты елді мекендерді ауыз сумен, газбен және электр желісімен қамтамасыз ету сонымен қатар, жарықтандыру бойынша жалпы 15 жоба талқыланды.
-Бізде бір ғана мақсат- ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, осы орайда қала және ауылдық округ әкімдеріне ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімімен бірлесе жұмысты жүйелендіру қажет,-дей келе аудан басшысы салаға жауаптыларға тапсырмаларды орындалу мерзімімен жүктеді.
Берілген тапсырмаларды бақылауды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне тапсырды.
Аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жаңа жер учаскелерін инженерлік-коммуникациялық және инфрақұрылым құрылысын жүргізу мақсатында Тегісшіл ауылдық округінің бас жоспары талқыланды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі салаға жауапты басшыларға заң аясында шешімін табу бойынша тапсырмалар жүктеді.