БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Биылғы жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм мәселелері бойынша жиын өткізіп, бірқатар тапсырма берген болатын. Соған байланысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды туризмді аймақта дамытуға байланысты өткізілген жиында туризмді дамытуда ең бастысы жақсы инфрақұрылым мен жоғары деңгейдегі сервистік қызметтер екенін айта келіп «Сонымен қатар ұлттық құндылықтарға негізделген шеберлік сағаттары, ұлттық ойындар мен тағамдарды ұсыныңыздар. Сервис деңгейін жақсарту мақсатында туристік бизнес өкілдерін оқыту жұмыстарын тұрақты жүргізіңіздер.
Облыс орталығынан алыс орналасқан нысандарда сервисті жақсарту үшін ұсынылған визит орталықтар мен модульдік ғимараттарда электронды аудиогидтар орнату арқылы шешуді тапсырды. Мысалы әлемнің танымал музейлерінде смартфондарға орнатылған электронды аудиогидтар пайдаланылады. Сондай-ақ, электрокарлар жұмыстарын реттеу, жүргізушілеріне экскурсиялық кітапшалар тарату, оқытудан өткізуді, маршрутын бекіту қажет деген еді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдің туристік нысандарының ақпаратын жаңарту және әдістемесін дайындау мақсатында бірыңғай ақпаратты ұсынатын әдістемелік құралдары әзірленуде. Онда туристік нысандар бойынша фактілер, аңыздар және қызықты оқиғалар тізбегі қамтылады.
Туристік нысандар бойынша жинақталған ақпараттарды археолог, тарихшы, архитектор, өлкетанушы, лингвист және басқа да білікті мамандармен бірге талдау жұмыстары жүргізіледі.
Жинақталған ақпараттарды қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб, жапон тілдеріне аудару жұмыстары жүргізіліп, бірыңғай туристік ақпарат құралына енгізіледі.
Әлемдік тенденцияны ескере отырып, туризмді дамыту барысында экологиялық таза жобалар қолданылады. Оның бірі – визит орталықтар. Елімізде бұл жобаның тиімді кейстері бар. Облыста осындай орталықтарды Ақсу каньоны, Тұттыбұлық сарқырамасы мен Сайрамсу шатқалында жүзеге асыр ұсынылды. Алдағы уақытта нысандар маңында үш тілді ақпараттық стендтер жаңартылады. Модульді құрылымдарда ақпараттық дүңгіршек, бренд кәдесыйлар дүкені және әжетхана қамтылады. Туризмді дамытудың келесі механизмі ауқымды іс-шаралардың күнтізбесін әзірлеу және өткізу.
Қысқа мерзімде туристік өнімдер мен туристер санын арттыру үшін Күлтөбе қалашығы мен Қолөнершілер қаласы жобасын жүзеге асырып, экотуризмді дамыту қажет. Бұдан бөлек жаңа жобалар қолға алынып, жан-жақты қызықтыруымыз керек. Ал облыс аумағында туризмнің қай саласы бойынша да туристер қызығышылық танытатын нысандар мен тарихи жәдігерлер, табиғат, салт-дәстүр мен ұлттық гастрономия, тағы басқалары жеткілікті.