ОТАНШЫЛДЫҚ РУХАНИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫҚТАРМЕН БОЙҒА СІҢЕДІ

Мемлекеттің болашағы жарқын болуы үшін оның азаматтарының бойында отаншылдық рух биік болуы, туған жері мен елі үшін жанын пида ететін, бейбіт күнде білімі мен жігерін Отанына еңбек сіңіруге арнайтын халқы болуы керек. Ал ұлттық рух пен адамзаттық асыл қасиеттер рухани байлықпен бірге адам бойына жастайынан сіңірілетін қасиеттер. Сондықтан да елімізде, оның ішінде Түркістан облысында да жас ұрпақты да ересектерді де руханият пен мәдени құндылықтарға қызықтырып, солар арқылы адами қасиеттерін биік ету бағытында үздіксіз жұмыс жасалады.
«Ардагерлер біздің мақтанышымыз — алтын қорымыз». Қазақ халқы қай кезде де ардагерлерін, абыз ақсақалдарын құрмет тұтқан. Ата-бабамыздың жолымен сабақтасып келген игі дәстүрді түлкібастықтар ылғи да назардан тыс қалдырмай ардагерлердің әр бір ұсыныс өтініштерін назарға алып, әр тірлікті ақылдасып жүзеге асыруда.
Түлкібас ауданының әкімі Аскар Естібаев аудан аумағындағы ардагерлер және ақсақалдар ұйымдарының төрағаларымен кездесті. Келелі басқосуда абыз ақсақалдарымыз өскелең ұрпақ тәрбиесі, білім ордаларына білікті мұғалімдерді тағайындау, ардагерлерге арнайы кабинеттер қарастыру, шипажайға жолдаманы арттыру, медицина, ономастика, руханият саласына қатысты өзекті мәселелерді ортаға салып, ауыл-аймақты дамыту мақсатында ұсыныстарын жектізді. Сонымен қоса, ауыл тазалығы, бастау көздерін ашу, арық-атызды өз күшіміне ретке келтіру мәселесіне ерекше тоқталды.
Жиынды қорытындылаған Асқар Сұлтанұлы елдегі түйіткілді мәселенің барлығынан ауыл ақсақалдары хабардар болатындығын тілге тиек етіп, ауданға тағайындалғаннан кейін округтерді аралау барысында бірінші кезекте сол аймақтың ардагерлерімен кездесу өткізгенің жеткізді.
Сол кездесулерде көтерілген біршама мәселелердің қазіргі таңда шешімін тауып жатқандығын айтып, қамтып өтті. Атап айтсақ, демеушілер есебінен орталық саябақ аумағынан шахмат клубы мен бас қосуға арналған киіз үй құру жоспарланып жатқаның, ардагерлерге ғимарат ыңғайластырып беру, шипажайларға жолдама саның арттыру, көлік мәселесі, білім саласындағы комиссия құрамына жергілікті ардагерді қосу сынды өтініш-ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқаның жеткізді.
Ал, ауылдардағы арық-атыздарды қалпына келтіру мәслесін ауыл әкімдерімен асарлатып жүзеге асыру жоспарланғаның айтып, қаржыны қажет ететін мәселелер бюджеттің шама-шарқына қарай кезең-кезеңімен атқарылатының атап өтті.
Жиын соңында ақсақалдар батасын беріп, аудан басшысының қызметінде сәттілік тіледі.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда ауданымызда 12 мыңнан астам ардагерлер бар. Округ, кенттерде 15 ардагерлер, 15 ақсақалдар ұйымдары мен әжелер және аналар алқасы қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысуда.
Аудан әкімі Аскар Естибаев орталық кітапханаға арнайы табан тіріп, білім бұлағының бүгінгі тынысымен танысты. Орталық кітапханада 438 мыңнан астам кітап қоры бар.Оның ішінде 23 мыңнан астамы балалар кітапханасына тиісілі.
Жалпы ауданымыздағы ең ірі кітапханада бүгінгі таңда 18 шығармашылық қызметкер бар.
Ғаламтор жаулаған заманда кітапқа деген сұраныс расымен түсіп кетті ме? «Жастар кітап оқудан қалды» деген негізсіз қалыптасқан түсінік үлкен буын қатарынан жиі естіп жатамыз. Дегенмен, бүгінгі таңда жастар арасындағы интернетке тәуелділік кітапқа деген қызығушылықты жоя қоймағандай. Олай дейтініміз өткен жылдың өзінде аталған кітапханада 1977 бала тұрақты оқырман ретінде тіркелеген. Ал ересектер жағы 3300 оқырманды құрап отыр.
Рухани орталықты аралау барысында Асқар Сұлтанұлы шығармашылық қызметкерлермен тілдесіп, жалпы аудан халқын, оның ішінде жас буын өкілдерін кітап оқуға баулы бойынша насихат жұмыстарын жандандыру керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, ауданымыздың көз тоймайтың табиғатын, киелі орындарын, тарихын бейнелейтін заманауи 3D туындысын шығару керектігін жауапты мекеме басшысына тапсырды.
Кітапхананы толық аралап болған соң аудан әкімі кітапхана қызметкерлерімен естелік суретке түсіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.