ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ, САПАСЫН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

0
31

Мемлекеттің қарқынды дамуын және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғары да жайлы болуын қамтамасыз етуде инфрақұрылымдардың маңызы жоғары. Сондықтан да Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру керек. Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерімен біз энергетикалық және коммуналдық саладағы ауыр дағдарысты еңсердік. Енді Үкімет мұндай жағдайға жол бермеуге тиіс» деп бұл мәселенің мңыздылығына айрықша тоқталып өтті.
Түркістан облысында және оның орталығы Түркістан қаласы мен барлық өңірлерінде инфрақұрылымдарды жаңарту, сапасын арттыру бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жасалынуда.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы 2025 жылы жол инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылатын жұмыс жоспарымен танысып, нысандарды аралады
Биыл 4 нысанның құрылысын жүргізу жоспарлануда. Б.Майлин көшесін реконструкциялау, Атабай тас жолын реконструкциялау, Ә.Жангелдин көшесі бойындағы көпір құрылысы және Ж.Майкотов – Тәуке хан аралығындағы жолдың құрылысы.
Сонымен қатар, 2025 жылы инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған Шауғар, Бекзат, Отырар, Яссы тұрғын алқабында орналасқан көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жоғарыда айтылған жұмыстар толық іске асырылғаннан кейін, қала аумағындағы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесі 50,3%-ға жетеді деп күтілуде.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына барып, мекеменің жұмыс барысымен танысты. Сапар барысында қаланың қорғаныс саласындағы қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында әскери міндеттерді орындау, азаматтарды уақытылы әскери қызметке шақыру және қорғаныс бағдарламаларын іске асыру жолдары баяндалды. Әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, қауіпсіздік пен қорғаныс саласының даму перспективаларына ерекше назар аударды.
Әзімбек Пазылбекұлы Қорғаныс істері басқармасының қызметкерлерімен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, әскери дайындық деңгейін арттыру, материалдық-техникалық жабдықтарды жаңарту және инфрақұрылымды жақсарту секілді маңызды мәселелер қаралды.
2024 жылғы көрсеткіштерге сәйкес, Түркістан қаласынан 546 азамат Қарулы Күштер қатарына шақырылып, белгіленген жоспар артығымен орындалған. Бұл қорғаныс саласының тиімділігін көрсететін оң нәтиже екендігі атап өтілді.
Қала басшысы сапар қорытындысында қорғаныс саласының алдағы уақыттағы басымдықтарын анықтап, қызметкерлерге нақты тапсырмалар берді. Әкімнің айтуынша, азаматтарды әскери қызметке шақыру, жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету және әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту — басты міндеттердің бірі болып қала береді.
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жұмыс барысымен танысты.
Мекемеде 4 аға инженер, 8 бөлімше командирі, 4 өрт сөндіру автокөліктерінің аға инструкторы, 12 өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері, 12 аға өрт сөндіруші-құтқарушы, 29 өрт сөндіруші, 4 диспетчер жұмыс жасайды.
Күнделікті 16 қызметкер: 1 аға инженер, 2 бөлімше командирі, 4 өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері, 8 өрт сөндіруші-құтқарушы, 1 диспетчер әскери есепте болады.
Жалпы 14 техника: 3 арнайы, 5 негізгі, 6 көмекші өрт сөндіру техникаларымен қамтылған.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм» бөлімі және Қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен ретсіз сауданы жою мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейдтік шара барысында 40-қа жуық сауда орындарынан ретсіз сауда саттық фактілері анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасағаны үшін хаттама толтырылып, айыппұл салынатындығы жөнінде қатаң ескертулер беріліп, анықталған фактілер заң аясында ретке келтірілді.