ТАПСЫРМАЛАР МЕРЗІМІНДЕ ӘРІ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУ КЕРЕК

Қуатты өңірлер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйверіне айналуы үшін әрбір аймақтың басшылығы өз аумағындағы барлық мәселелерді шешуге ерекше мән беріп қана қоймай олардың шешілуін талап етумен қатар, ұйымдастыра білуге тиіс.Соның ішінде инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, тұрғындарды жұмыспен қамту мен жеке кәсіпкерлікті қолдау және басқа да әлеуметтік мәселелерді, инфрақұрылымдарды жетілдіруді назарда ұстап отыруы керек.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісінде бірқатар мәселелер қаралды. Апталық жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшыларымен ауыл округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде көктемгі тал егу жоспары мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің биылғы жылға атқаратын жұмыс жоспары, сондай-ақ өнеркәсіп саласында іске асырылатын жобалар талқыланды.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомабиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков өткен жылдың көктем-күз мезгілінде ауыл округтердегі егілген ағаш көшеттеріне мониторинг жүргізілгенін, нәтижесінде ағаш егу жұмыстары орта есеппен 60 пайызы ғана орындалғанын айтып өтті. Биылғы жылға 21 150 дана ағаш көшеттерін отырғызу, аудан орталығына “Темірлан абаттандыру” КММ тарапынан 8 900 дана ағаш көшеттері мен 700 дана гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілетіні жөнінде баяндады.
Аудан басшысы «Таза Қазақстан» эко акциясы аясында өтетін шараға қоршауы жоқ, суғарумен қамтылмаған ауыл округтеріне тиісті тапсырма жүктеп, жұмыс нәтижелері талданып, белгіленген орындарға көктемгі ағаш егу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Ордабасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылы атқаратын жұмыс жоспары бойынша бөлім басшысы Нуриддин Асанбаев ауданымызда өткізілетін спорттық іс-шаралар жоспары, мәдени бұқаралық шараларының орындалу барысын баяндады. Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция саласындағы жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырған болатын. Ауданда 2024 жылдың индикаторлық көрсеткіштерінің 12 аймен орындалуы, іске асырылған жобалар және 2025 жылға іске асырылатын жаңа жобалар бойынша баян етілді.
Қосымша мәселелер де жан жақты талқынап, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Қоғамдық-саяси ахуал аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау және тұрғындармен тиімді байланыс орнату қажеттігі атап өтілді.
Мәжіліс қорытындысымен аудан басшысы тиянықты жұмыс жүргізу керектігін тапсырды. Тиісті аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, аталған жұмыстардың орындалу барысын өз бақылауына алатынын жеткізді.
Аудан әкімі Азат Оралбаев апталық жұмыс жоспарына сәйкес, Шұбар және Шұбарсу ауыл округтерінің әкімдерінің алдағы жоспарлары мен атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдады, бұл ауыл округтердің дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешілуін қадағалау мақсатында өткізілген маңызды қадам екенін айтты. Мұндай есеп беру кездесулері халықтың қажеттіліктерін анықтап, алдағы міндеттерді нақтылау үшін тиімді.
Аудан әкімі бірқатар салаларға баса назар аударуды тапсырды. Жолдарды жөндеу және салу. Электр, ауыз су және газ жүйелеріне абоненттерді қосу. Интернет пен байланыс қызметтерін кеңейту. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау. Ауыл шаруашылығын дамыту мал және егін шаруашылығын қолдау, заманауи технологиялар енгізу. Ауылдарды көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. Қоқыс жинау жүйесін ретке келтіру. Халықтың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, нақты жобаларды жүзеге асыру. Тұрғындарды ауылды дамыту жұмыстарына тарту мәселелерінде жұмысты жандандыра түсу қажет.
Аудан басшысы ауыл округ әкімдеріне әр ауылдың ерекшеліктері мен ресурстарын ескере отырып, осы бағыттарды жүзеге асыру арқылы ауылдарды жан-жақты дамытуға болатынын атап өтті. Әкімдер есеп беру барысында халықтан түскен ұсыныстарды да назарға алып, оларды іске асырудың нақты жоспарын құру қажеттігін қатаң тапсырды. Ауыл округ әкімдері мен мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімі Азат Оралбаевтың жұмыс сапары барысында алдымен Шұбар ауылындағы жаңадан салынып жатқан “Карьер табыс” ЖШС-нің кірпіш зауытының құрылысымен танысып, оның аудандағы өндірістік қуатты арттыруға қосатын үлесін талқылады. Бұл зауыт аудандағы құрылыс материалдарына деген сұранысты қамтамасыз етуге ықпал етеді деп күтілуде.
Одан кейін аудан басшысы Шұбарсу ауылындағы “Найман-2 алабындағы шешімін таппай тұрған 200 метр жерге ауыз су құбырының құрылысын аяқтау мәселесін қарастырды. Бұл жоба аяқталған жағдайда, аталған алаб тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігі толықтай қамтамасыз етілетін болады.
Сондай-ақ, ол Шұбарсу ауылында салынатын жылыжай кешені үшін белгіленген аймақты аралап көрді. Бұл кешен ауыл шаруашылығын дамытуға және жұмыс орындарын ашуға айтарлықтай үлес қосады деп жоспарлануда.
Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы аталған жобалардың барлығы ауданның инфрақұрылымын жақсарту мен экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталғанын атап өтіп, аралау барысында сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.