«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ» ЖЫЛЫНЫ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ӨТТІ

0
179

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды.  Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітілді, сондай-ақ Министрлікпен кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды.

Атап өту керек, еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту шаралары қамтылған Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған жоспарлар әзірленді. Атаулы жылға байланысты Түркістан облысында да жоспарлы шаралар жүзеге асырылуда.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтың төрағалығымен «2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар жылына» қатысты түзілген жоспар-тапсырмасына сәйкес, Түркістан қалалық Мәдениет үйі МКҚК мекемесі 2025 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспарына бірнеше шаралар тізімін қосқан болатын. Сол шаралардың бірі қаламыздағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбек ардагерлерінің даңқы арта берсін!» атты мәдени-демалыс концерттік шарасымен бастау алды. Бұл шарада Мәдениет үйінің өнерпаздары орталықтың ем алушыларына, яғни саналы ғұмырларын тынымсыз еңбектер арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалауға үлес қосқан, түрлі жұмысшы мамандықтармен зейнетке шыққан ата-апаларымыздың бос уақыттарын тиімді пайдалануларына, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында бірнеше ән-күй, билерін тарту етті.

Ем алушылармен қатар орталықтың қызметкерлері де ыстық ықыластарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. «Жұмысшы мамандықтар» жылына арналған іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табары сөзсіз.

Ал, Түлкібас ауданында орналасқан мектептердің 9,11-сынып бітіруші түлектері мен оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің педагогтары «Мамандыққа қадам» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырған болатын.

Кездесу барысында оқу орнының білім беру бағдарламалары, студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат беріліп, оқушыларға болашақ мамандық таңдау жолдары, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер, оқу орнында білім алудың артықшылықтары түсіндірілді. Сондай-ақ, кездесуде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледжге түсу талаптары, грант мүмкіндіктері және оқу үрдісі жайында нақты жауаптар алды, және де колледж мамандықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мұндай кездесулер жастардың саналы түрде мамандық таңдауына оң әсерін тигізіп, олардың болашағына бағдар жасауға көмектеседі.

Мемлекеттік «Серпін — 2050» және  «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламаларын насихаттау мақсатында мектеп бітіруші түлектерге Қарағанды қаласы “Академик  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ” кәсіптік бағдар беру жұмыстары Түлкібас ауданында жалғасты.

Бағдарлама барысында Е.А.Бөкетов университетінің қабылдау бөлімінің басшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізіді. Ауданның білім беру мектептерінен 250-ге жуық бітіруші түлектер қатысып, көкейтесті сұрақтарын қойып, ойларында жүрген сұрақтарға жауап алды.

Бағдарлама соңында аудан жастары алғыс білдіріп, үздік студенттердің қатары артып, еліміздегі білім сапасы жоғары деңгейдегі университет болуына тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ, магистратура, әскери кафедра, биология-география,шет тілдер факультеті т.б грант жеңілдіктері, ғылыми орта бойынша және жатақхана бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2025 жылдың 7 ақпан күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-мектеп-лицейінің базасында Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері, әрі баспасөз хатшысы Оразбаева Г. білім беру ұйымдарының кәсіптік білім беру педагогтары мен әлеуметтік желіге жауапты мамандармен » Жұмысшы мамандықтарының жылында» атқаратын жұмыс жоспарымен таныстыру мақсатында брифинг өткізілді.

Негізгі мақсат қоғамда жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және танымал ету, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жастар мен жұмыс берушілерді тарту жүйесіне айналдыру.

Іс-шара барысында жоспардың тиісті тармақтарының мерзімдерін сақтай отырып, сапалы орындалуы туралы айтылды. Сонымен қатар, түзілген іс-шара жоспары аясында жұмыстар алдағы уақытта атқарылатыны айтылды.

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 жылғы № 72 бұйрығы негізінде Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 16-қосымша Орта (арнайы), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (оқу сабақтарын, ұйымдастырылған қызметін, іс-шарасын) бақылау парағын «Ұстаз» платформасына жүктеу туралы колледж әдіскері Л.Байсеитова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.