МЕДИАТОРЛАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ТҮСІНДІРІЛДІ

0
40

Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп қажеттігін, азаматтардың конституциялық және қолданыстағы заң актілерін орындауы мен заңдылық пен тәртіпті сақтауы, мемлекетте саяси-қоғамдық тұрақтылық қажеттілігін айтқан. Өйткені елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыптастырып, қарқын беру үшін мемлекетте тұрақтылық, азаматтардың өмір сүруі мен күнделікті тұрмысында қауіпсіздік пен жайлылық қалыптасуы керек. Қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң актілері мен өздерінің құқтарын және контитуциялық еркіндіктері мен бірге міндеттерін, жауапкершіліктерін түсінуі тиіс.

Құқтық сауттылығы жоғары адамдар заң мен тәртіпке бағынып, оларды құрметтейді. Ал, шалыс басып, немесе  азаматтық ағаттық, ұсақ және орта дәрежелі қылмыстық әрекеттер жасағаны үшін соттап, түрмеге тоғыту ол адамның өмірін бұзуы, түзелудің орнына қылмыс әлемінің бір мүшесіне айналып шығуы да мүмкін. Сондықтан да азаматтық және ұсақ, не қатігездіксіз жасалған орта қылмыстар үшін медиациялық қызмет жүйесін пайдалана отырып, қылмыс жасаушы мен жәбір кқрген тараптарды өзара татуластырып бітістіру арқылы адамдардың түрме жазасына емес басқадай жазаларға тартылуы, не айып пен құн төлеу сияқты жолдармен шешу мүмкіндіктерін табуға болады. Бұл қоғамдағы заңсыздықтарды азайтып, заңды құрметтеуге, ағат басқан азаматтың ісіне өкініш білдіріп, заңдылықты бұзбауына ықпал етуі мүмкін.

Медиация (лат. mediare) – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011-жылы 28- қаңтарда қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында медиация саласына ерекше көңіл бөлуді атап өтті.

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Медиаторлардың қоғамдағы рөлі» тақырыбында басқосу өтті. Жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов модераторлық жасап, күн тәртібін түсіндіріп, тақырып аясында баяндамашыларға сөз берді.

Медиация жүйесін дамыту мен қоғамдағы рөлін арттырудың маңыздылығын, медиация қызметі үшін уәкілетті органдардың жанынан жұмыс тобын құру мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дамытуға және әзірлеуге серпін беретіндігін айқындады.

«Ұсақ және орта дәрежедегі қылмыстық істер мен азаматтық істер, тараптардың келісімге қол жеткізу арқылы шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстары туралы» Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғани Байарыстан баяндады.

Аудандағы кәсіби медиаторлардың қоғамдағы жұмыс барысын талқылау мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі – Наталья Қожабекова және Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби медиатор, «ALGA GROUP» — заң кеңсесінің бас директоры Әлия Амантаева арнайы қатысып, күн тәртібіндегі тақырып бойынша баяндама жасады.

Билер кеңесі тарапынан медиация саласында атқарылып жатқан жұмыстары туралы аудан биі Мейрамхан Бекболатов хабарлады.

Медиацияға жүгіну тиімді, себебі әрбір азамат істің сотқа қаралуына қарсы, бұл – болашақта қиындық тудыратын күрделі процеске айналады. Осындай қиындықтарды тудырмай үшін медиация саласы әрі қарай дамытуымыз қажет.

Төлеби аудандық сотында 2023 жылы келіп түскен жалпы 1 522 азаматтық істердің 103-і (6,8%), 2024 жылы 2 533 істің 234-і (9,2%) медиация тәртібімен шешілген (2025 жылы 230 істің 8-і (3,5%).

Медиацияның мақсаты — дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету екенін, тұрғындар арасында дау-жанжалды бейбіт тәсілмен шешу керектігі түсіндірілді. Жиын барысында Төлеби ауданында медиаторлар және билер кеңесінің жұмысын жандандыруға ықпалдастық көрсету жөніндегі меморандумға қол қойылды.