ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛУДА

0
51

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді.Бұл ретте елімізде бірқатар шаруа атқарылды. Мәселен, техникалық және кәсіби білімге басымдық беріліп жатыр. Биыл сала мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс 10 мың орынға артты. Оның ішінде 65 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді.

Президент осыған дейін: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашан да құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», — деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім? Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам — еңбек адамы! Ол — дихан бола ма, ол — малшы бола ма, ол — жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай мектеп оқушыларының қатысуымен интервью, сұхбаттар алынды. Білім беру ұйымының 10 — сынып оқушылары жұмысшы маман иелерінен сұқбат алып, өздерінің жасап жатқан жұмыстарымен бөлісті.

Ал, таяуда «Кезең» жалпы білім беретін мектеп базасында республикалық «Үздік жыл психолог» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты — дарынды психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологтардың озық тәжірибелерін насихаттау және тарату.

Байқауда психология саласындағы ең үздік мамандар өздерінің жетістіктерімен, ережеге сәйкес авторлық бағдарламаларымен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Байқау барысы 3 санатқа бөлініп өткізілді:

І санат /1-5 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар/

ІІ санат /5-7 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар/

ІІІ санат /7- жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар/

Аудандық кезеңде І санат бойынша — Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы — Л.Мырзабекова; ІІ санат бойынша — Ә.Науаи атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы К.Усембаева; ІІІ санат бойынша — «Кезең» жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Г.Адилханкызы жеңімпаз болды.

Барлық қатысушыларға, сондай-ақ облыстық кезеңге өткен педагог-психологтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл байқау психологияның қоғамдағы маңыздылығын арттырып, мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге зор үлес қосты..

Сондай-ақ, Түлкібас ауданық аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Данияр Серік Батырханұлы мен Түркістан облысы Кәсіпкерлік палатасы Түлкібас аудандық филиалының директоры Асылболатов Қайрат Тоқтасынович арасында жастардың кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және кәсіпкерлікке бейімдеу жөніндегі өзара ынтымақтастықты дамыту үшін екі жақты бірлескен меморандумға қол қойылды.

Меморандум мақсаты — жастар арасында білім, ғылым және кәсіпкерлікті насихаттау, сондай-ақ олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру болып табылады.Түлкібас ауданы бойынша жастар саясатын жүзеге асыруды қолдау және жастардын кәсіпкерлікке бейімдеу мақсатында,кәсіпкерлік палатасының кәсіпкерліке бағдарламаларын жүзеге асыруға өзара ынтымақтастық туралы жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған және жастарды кәсіпкерлікке бейімдеу бойынша оқыту және жұмыс атқарып жатқан кәсіпкерге бухгалтерлік,салықтық және т.б көмек көрсету шараларын жүзеге асыру жөніндегі ортақ жұмыс жүргізу болып табылады.

Меморандумдағы мақсаттарды іске асыру үшін тараптар екі жақты әріптестік бағытта қызығушылық танытты.

Тағы бір осындай шара Түлкібас ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Д.Серік бір тараптан, екінші тараптан Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Сұлтанов Бекарыс Талғатұлы , құқықбұзушылық жасаған жастарға әлеуметтік психологиялық, құқықтық және теологиялық көмек көрсету үшін тараптан осы ынтымактастық меморандум түзілді.

Меморандумның мақсаттарын жүзеге асыру үшін тараптар екі жақты әріптестік бағытта қызығушылық танытты.

Меморандумның негізгі мақсаты — Түлкібас ауданы бойынша жастар саясатын жүзеге асыруды қолдау және жастар арасында ішімдіксіз салауатты өмір салтын енгізу және жан-жақты насихаттау бағытында жұмыстар жүргізу.